«Жедел жәрдемді 40 минут күттік»: жүкті әйелдің өзіне қол жұмсауы

cover

Алматылық жүкті келіншектің өз-өзіне қол жұмсауының жан түршігерлік жай-жапсарын оқиға куәгерлері айтып берді.

AstanaTV арнасының хабарлауынша, құлағаннан кейін жас келіншек клиникалық өлім жағдайында болған, дәрігерлер оны аман алып қала алмаған.

Қайғылы жағдай тұрмыстық кикілжің аясында болды, - дейді тұрғын үй кешенінің тұрғындары. Салдарынан 22 жастағы бойжеткен өз-өзіне қол жұмсауға бел буған. Ол сегізінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Алматылық келіншек түн ортасынан кейін шарасыз қадам жасауға бел буған. Қыздың күйеуі көмекке шақырған, - деп еске алады көршілер. Әйел жүктіліктің үшінші айында болған.

Келген дәрігерлер жәбірленушіні ауруханаға жеткізді. Ол клиникалық өлім жағдайында болды. Бірақ есін жимастан көз жұмған.

Айта кетсек, жедел жәрдем өте ұзақ жүрді,- деп көршілері шағымданды. Ол үйге жете алмай, жолда тұрған көліктер кедергі келтірген.

Біз 40 минут күттік. Бұл жерде жүру мүмкін болмады, әлі де жүретін жер жоқ. Көліктер барлық жерде тұрды. Жедел жәрдем немесе өрт сөндіру көлігінің келуі қиын. Сосын автотұрақ жасасын немесе бірдеңе ойлап тапсын, - дейді Алматы қаласының тұрғыны Жұмағали Әлімжанов.

Полиция оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі Alma City тұрғын үй кешенінің сегізінші қабатынан секіріп кеткен жас келіншектің қазасын растаған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар