Жатақханада өрт шықты

cover Фото: Бейнежазбадан кадр

Астанада жатақхана өртенді, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Orda.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше өрт аумағы 850 шаршы метр болды.
15 қазан күні таңертең Байқоңыр ауданының Тараз көшесіндегі жатақханалардың бірінде өрт болып, ғимараттың төртінші қабатының шатыры жанып жатыр. Өрттен уланған бес адам жедел медициналық жәрдемге жеткізілді.


«Оқиға орнындағы кіреберіс жолдарда автокөліктердің қаптап тұрғандығы өртті сөндіруді қиынға соқтырды»,  деп атап өтті Төтенше жағдайлар министрлігі.



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар