Жастар зұлмат заманының зиялыларын біле ме?

cover

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Orda.kz редакциясы көшеге шығып, сауалнама жүргізді. Нәтижесінде... Ешкім де ауыз толтырып, тұлғаларымыз жайлы айтып бере алмады. Жас ұрпақ түгілі, орта буын да бұл күннен бейхабар, оның құрбандары жайлы білмейді. Алашорданы Ирина Қайратовнаның әнінен біледі екен. Бірақ нақты кімнің кім екенін, қандай ісімен есте қалғанын білмейді.

31 мамырдың нендей күн екенін білетін бір ғана адам табылды. Оның өзі сайрап тұрғанымен, мектепте оқитын қыздары хабарсыз болып шықты. «Ғаламторда тұр бәрі, оқып танысып шығыңдар, дайын дүниені оқымайсыңдар» деп ұрсып жатты. Ал қалған жұрт сұрағымызды естіген соң, жауап бере алмай, теріс айналып қашты.

Иә, Мағжан «сенген жастардың» бүгінгі күйі осындай. Тәуелсіздік құнын білмейтін жаннан ұлт құндылығын ұлықтайтын тұлға шыға ма? Әзірше мұндай бейқамдығымыздың, білімсіздігіміздің себебін онлайнның өтірік оқуында деп білейік. Болмаса бар үмітіміз - Ирина Қайратовнада. Мектеп бермеген білімді жастарымыз осындай ресурстардан алады. Олар, дұрыс бағыт пен тәрбие бере алса, құба-құп.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар