Жасанды интеллект әкім болмақ

cover Фото: Pexels

АҚШ-тың саяси сарапшысы мэр үміткерлігіне жасанды интеллектті таңдау жайлы пікірін білдірді.

Бұл туралы TMZ хабарлады.

АҚШ-тың саяси сарапшысы Мэтью Баум TMZ тілшілеріне берген сұхбатында жасанды интеллекттің кандидат ретінде мүмкіндігінің зор екенін  айтты. Алайда билікке келетін жасанды интеллектпен жұмыс істеудің қиындығы да бар екен. 

Оның сөзінше, қазіргі таңда саяси орынға үміткер жасанды интеллект көбейіп келе жатыр. 
Соның бірі, Войоминг штатындағы Шайенн қаласы әкімдігіне Виктор Миллер өзінің ChatGPT 4.0 Virtual Integrated Citizen (VIC) чат-ботын ұсынған. Өзі осы чат-ботты басқарушы ғана болатынын айтқан ол бағдарламаның әлдеқайда ақылды екенін, көп мәселелерді шешетінін мәлімдеді.

«Билік басындағылардың қай-қайсысынан да озық шешімді қабылдап, заңды жақсырақ білетін жасанды интеллектің бәрібір шамасы келе бермейтін істер бар. Оның мүмкіндігі оған енгізілген ақпарат көлеміне тәуелді», – дейді Баум.

Әзірге заң бойынша жасанды интеллектің кандидаттыққа үміткер болуы заңға қайшы келген соң, Виктор Миллер ұсынған «жасанды әкім» кандидаттыққа өтпей қалды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар