«Жас қызды зорлаған»: Алматы облысында 4 балаға шабуыл жасаған педофил сотталды
Фото: Видеодан кадр
Алматы облысында үйге кіріп, 4 балаға шабуылдаған ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Еске салайық, 2024 жылғы 16 ақпанда Алматы облысының Жамбыл ауданында белгісіз ер адам үйге кіріп, ондағы төрт балаға шабуыл жасаған еді. Ол балаларды ұрып-соғып, байлап, тамағына пышақ тақаған. Көршілер балалардың айқайынан шошып үйге келіп, күдіктіні ұстайды. Күдіктіні полицейлер әкетеді. Балалар ауруханаға жеткізілген болатын.
Содан кейін Алматы облысының прокуратурасы үш бап бойынша тергеу жүргізілетінін мәлімдеді (Кәмелетке толмаған екі және одан да көп балаларға қатысты бас бостандығынан заңсыз айыру, зорлық-зомбылық қолдану арқылы тұрғын үйге қол сұғылушылыққа бару, зорлау, яғни зорлық-зомбылық қолдану арқылы немесе оны жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қолданамын деп қорқыту немесе жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдалану арқылы жыныстық қатынас, зорлау, яғни, жәбірленушіге немесе басқа адамдарға зорлық-зомбылық қолданумен немесе оны қолдану қаупімен не жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдалана отырып, бірнеше рет жасалған жыныстық қатынас).
Алматы облысы Жамбыл ауданының прокуратурасы тергеу барысында ер адамның жас қызды зорлағанын анықтады.
«Жас баланы зорлау фактісі анықталды. Қылмыстық іс Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілген. Сот үкімімен сотталушы 21 жылға бас бостандығынан айырылды», деп мәлімдеді прокуратурa.
Сотталушыға қатысты сот процесі жабық өтті және бұл қылмыстың егжей - тегжейі жария етілмеді.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?