Жарылыстан қаза тапқан марқұмдардың рухына Құран бағышталады

cover

Бүгін еліміздің барлық мешіттерінде Тараздағы жарылыстан қаза тапқан марқұмдардың рухына Құран бағышталады.

29 тамыз жексенбі күні таңғы сағат 10:00-де еліміздің барлық мешітінде Жамбыл облысындағы жарылыста қаза тапқандардың рухына бағышталып Құран хатым оқылады.

Бұл туралы  Orda.kz   Қазақстан мұсылмандары дініи басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

 — Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстардың салдарынан адамдардың қазаға ұшырауы – еліміздің басына түскен ауыр сынақ, барша қазақ елінің қабырғасын қайыстыруда. Осыған орай 29 тамыз жексенбі күні таңғы сағат 10:00-де еліміздің барлық мешіттерінде Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстардың салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты олардың рухына бағышталып Құран хатым дұғасы оқылады, - делінген хабарламада.

26 тамыз күні кешке қарай Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар