Жаппай эмиграция болып жатқан қаладағы көше атауын өзгерту туралы ой

cover

Пандемия, коронавирус, кірістердің төмендеуі және экономикалық проблемалар кезінде билік Павлодардағы ондаған көшелердің атауын өзгертті. Өзгерістерге қатысты дау-дамай неден туды? Осы сұрақ төңірегінде және өңірдегі басқа да маңызды мәселелер жөнінде Гүлнара Бажкенова ой өрбітеді.

Павлодардағы отыз көшенің атауын өзгертуге байланысты жанжал кезінде статистика комитеті биылғы жылдың алғашқы айларындағы халықтың өсуі мен кемуі туралы демографиялық деректерді жариялады. Ономастикалық комиссия мүшелері мен қоғамдық тыңдауларға қатысушылар жанжалға дейін бұл мәліметтерді оқыды ма, жоқ па, беймәлім.

Бірақ оқып шыққаны жөн, өйткені сарапшы мамандардың есебімен танысқаннан кейін шенеуніктер де, белсенді азаматтар да жоспарланған өзгерістерді ұмытуы мүмкін. Жағдаймен танысқан соң оларды көшелер мен қалалардың аттарының өзгеруі алаңдатпайтын болады.

Солтүстік Қазақстанда көп жылдан бері халық саны азайып келеді. Өңір тұрғындары қайтыс болады, көшеді немесе тіпті «қашады» десе болады. Мұндай үдере көшудің ұшығу жағдайында ономастикалық өзгерістер майда мәселе болып қалады.

Павлодар облысында бірінші және әзірге соңғы рет он жыл бұрын жаз уақытында болдым. Қазақ даласына тән шілденің аптап ыстығы болды. Шіліңгір ыстықта соққан жел жердегі топырақты бетке ұратын.

— Құм қайдан пайда болды?, - деп жергілікті тұрғындардан қызарған көзімді сүрте отырып, сұрадым. Олар мұнда әрдайым осылай деп жауап берді, құм – даланың шөлейттенуінің нәтижесі.

Бұл аумақтағы шөлейт барлық кеңістікті жаулап барады. Ресей қайраткерлері қол сұғатын жер деп айтуға келмейді. Бір шаршы шақырымға бес, алты адамнан келеді. Солтүстік Қазақстан — бұл Қырым емес, онда тоқсан адам халықаралық қауымдастық мойындамаған бір шаршы шақырым жерде тұрады. Сонымен қатар жартылай соғыс жағдайында тұрса да кетушілерден, келушілер басым.

Ал Солтүстік Қазақстанда адамдар құм сияқты он жыл қатарынан басқа жерлерге ауа көшіп жатыр.

Бұл өңірде жыл сайын халық саны азаюда. Қазір 1989 жылдары Павлодар, Петропавл облыстары тұрғындарының саны миллион шамасында болғанына сену қиын.

Демографтар мұны кері көші-қон сальдосы деп атайды. Басқа жаққа көшкен адамдар, қалаларына қайта келгілері келмейді. Оларды түсіну оңай. Сіз Дмитрий Быковтың сөзімен айтқанда, тозаңы шыққан жерге мәңгіге барар ма едіңіз?

Шөл басқан сайын адамдар шегінеді. Әрине, басты мәселе климат емес. Қыста қатты суықтан және жазда қатты ыстықтан басқа, кез-келген сарапшы сізге көптеген экономикалық, саяси, экологиялық, әлеуметтік және тіпті күрделі экзистенциалды себептерді айтады. Көршілес Ресейде жоғары жалақы мен зейнетақы, сапалы білімі бар мектептер, балабақшалар мен университеттер бар. Медицина жақсы, жолға қойылған әлеуметтік саясат бар. Ұлы империя халқы өкілдерінің тілі мен мәртебесі өз Отандарына қайта көшуге итермелеуші орасан күш.

Сплошное переименование на земле массовой эмиграции
Павлодар

Солтүстік Қазақстан-бұл экстремалды тіршілік ету аймағы. Оны Нұр-Сұлтан саясаты төзбейтін мәңгілік тоңға айналдырды. Тыңнан кейінгі көптеген жылдар ішінде солтүстікте болған ең жақсы жағдай — астана мәртебесінің берілуі. Бірақ бұл жайттың өзі Павлодар облысының дамуына үлкен септігін тигізбеді.

Солтүстік Қазақстан, тіпті Қазақстанның өлшемдері бойынша өмір сүру деңгейі мен бақыт индексі жағынан төмен, өлім-жітімі жоғары және күл, күкірт ангидрид және басқа да мерзімді шығарындылары бар, жадыраған жазы жоқ суық өлке. Сондықтан да бұл өңірден отыз жыл бойы адамдар басқа жаққа көшіп жатыр. Оларды тоқтата алатын нәрсені ойлап табу қиын, бірақ итермелеу оңай.

Кеткісі келген кетсін, «ақ жол, қара асфальт» деген сияқты пікірді ұстануға да болады. Бірақ кетіп бара жатқан адамдар өздерімен бірге өңірдегі демографилық мәселені ала кететінін түсіну керек.

Авторы: Гүлнара Бажкенова
Аударған Мухит Тұрсынәлі

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар