Жанып кеткен оқ-дәрі қоймаларынан жарылысқа ұқсас дыбыс естілді

cover

Зардап шеккендер жоқ, дыбыс шыққан орында адамдар болған жоқ, деп хабарлайды Orda.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

—26 тамызда өрт шыққан инженерлік оқ -дәрі қоймасы аумағында, бүгін, 29 тамызда, сағат 12.20 шамасында  жарылысқа ұқсаса дыбыс тіркелді, - делінген хабарламада.

Себептері анықталуда.

Еске сала кетсек, қайғылы оқиға орын алған әскери бөлім аумағында оқ -дәрі қоймасындағы жарылыстар кезінде жоғалып кеткен үш адамды іздестіру жұмыстары әлі де жалғасуда.

 Сондай -ақ, үш адамның мәйіті танылмаған. ДНҚ сараптамасы жүргізілуде.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар