Коронавирусқа қарсы жаңа екпе жануарларға арналып жасалады

cover A young woman in a protective mask holds a masked cat in her arms. Conscious citizen in the fight against the epidemic of coronavirus

Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы тағы бір вакцина жасалады. Бірақ ол адамдарға емес, жануарларға арналады, деп хабарлады Orda.kz.

– Институтқа (Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты - ред.) жануарларға арналған коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина жасау міндеті жүктелді, - деді білім және ғылым вице-министрі Мирас Дауленов.

Ол жануарлар COVID-19 ауруымен ауырып, инфекцияның тасымалдаушысы бола алатындығын, сондықтан мұндай вакцина қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар, институт анықталған британдық және оңтүстік африкалық штамдарды ескере отырып, қазірдің өзінде жасалған вакцинаны жетілдіру бойынша жұмыс жүргізуде. Мұның бәрі дәрі-дәрмекті поливалентті ету үшін қажет.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар