Жанна Кан деген кім және BeWoman деген қандай форум?

Жанна Кан — қазақстандық кәсіпкер әрі қоғамға танымал тұлға. Ол Zhanna Kan Group компаниясының негізін қалаған. Бірнеше люкс жобаларды дамытып жүр және біраз жағдайларға байланысты басы дауға қалған адам.
Orda.kz оның бизнес-портфелін және мәнсап жолын егжей-тегжейіне дейін баяндайды.
Кәсіпті дамытудан бөлек, Кан көпшілік алдында өзін ашық көрсетуге тырысады. Баяндамалар жасайды, интервью береді және өзі ұйымдастырған әйелдер форумы BeWoman (BeWoman Asia) шарасын үнемі ұйымдастырып отырады. Форумның сайтында оны «негізін қалаушы» деп ашық атайды. Жарияланған мақсаты — «аймақтағы әйелдерді біріктіріп, тәжірибе, байланыс және мүмкіндіктер беру». Шақырылған қонақтар тізімінде жергілікті кәсіпкерлер, коучтар, жұлдыздар бар. Серіктестер мен қамқоршылық кеңесінде министрліктерден өкілдер бар. Соның ішінде мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның есімі де аталған.
BeWoman деген не?
Форум өзін әйелдер үшін көшбасшылық қабілет, мәнсап, денсаулық және білім туралы талқылайтын Орталық азиядағы алаң ретінде танытып жүр. Алғашқы халықаралық сапар 2024 жылы 2 қазанда Ташкент қаласында өтті. Канның командасы бұл іс-шараны «Орталық Азия әйелдері үшін экожүйеге алғашқы қадам» деп атады. Бірнеше аптадан кейін Алматыда ірі жиын өтті. Оны қазақстандық БАҚ та жазды. 2025 жылы форум Алматыда қайта ұйымдастырылып, енді «аймақтық бренд» болуға ниет білдірген.
Форумның хроникасы
- 2024 жыл, ақпан — Ташкент. Орталық азиядағы алғашқы BeWoman; команда «әйелдер экожүйесінің» басталғанын жариялады.
- 2024 жыл, қазан — Алматы. Үлкен BeWoman: БАҚ мыңдаған қатысушылар мен танымал қонақтардың барын жазды.
- 2025 жыл, қыркүйек-қазан — Алматы. Форум қайтадан басты назарда. Кейбір спикерлерге өткір сын айтылды.
Сахнада кімдер болды?
Спикерлер тізімі өтетін қалаға қарай өзгереді. Алайда промо материалдар мен репортаждарда мыналар кездеседі: миллиардер Илон Масктің анасы Мэй Маск, өңірлік шенеуніктер, кәсіпкер әйелдер мен медиа тұлғалар. Кан өзін форумның бейнесі ретінде жиі көрсетеді.
Бағасы қанша?
Қазақстандықтар билеттер бағасына назар аударды. 30 000-нан 250 000 теңгеге дейін деп жазылатын. Сол уақытта БАҚ ұлттық Әйелдер істері комиссиясы мен Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпараттық/институционалдық қолдауы туралы да жазды (ұйымдардың сайттарында бұл туралы хабарламалар болған).
Форум неге дауға қалды?
2025 жылғы қазанда Алматыдағы форум тек нетворкинг үшін емес, басқа себеппен де жаңалыққа айналды. Сахнаға ресейлік коуч Алексей Ситников шығып, ашық түрде Владимир Путинді мадақтады. Бұл видео әлеуметтік желілерде таралып, «Миротворец» базасына спикер мен ұйымдастырушыны енгізу талаптары туындады. Кан мен форум сынның нысанасына айналды. «Саяси әдепсіздік» дегеннен бастап, мұндай қонақтар не үшін Қазақстан алаңында болу керек деген сұрақтарға дейін қарша борап жатты.

Ситников сахнада былай деді:
«Путинге қаншама рет шабуыл жасалғанын қараңызшы. 55 ел қақтығысқа қосылды, бірақ ол жеңіске жетіп отыр. Трамп оны ұшақтан түсіргенде қалай қарсы алғанын қараңызшы. Бұлай ешкімді олай қарсы алмайды…» — деді Ситников.
Канның салықтар мен азаматтардың «тәртібі» жайлы айтқан ойлары, оған байланысты дәйексөздер осы жанжалдан бұрын да айтылып, талқыланған.
Оның мына сөздеріне қоғам наразы болды:
«Тұрақсыз мемлекетте өмір сүргеннен гөрі салық төлеген жақсы. Өйткені кез келген сәтте «Қаңтар» өршіп кетуі немесе біреу сенің бизнесіңді рейдерлікпен тартып алуы мүмкін. Соғыс басталып, тұрақсыздық орнауы мүмкін».
Тағы дау тудырған екі негізгі ойлары:
«Біз төлеуді білмейміз. Мемлекет бізге бөтен сияқты. Қайда беріп жатқанымызды білмейміз. Бірақ бермесек, ештеңе алмаймыз». «Көп жұмыс істеу керек. Көп табыс тапсақ, көп береміз, көп берсек, көп қайтады».
Күн көрісі, таныстары және ықпалы
Кан өзін меценат әрі өнер/моданың «амбассадоры» ретіндегі имидж жасап, премиум брендтерді насихаттайды. Сұхбаттан бастап YouTube-тағы подкасттарға дейінгі ашық форматты ұнатады.
Қоғамға ашық дереккөздерде оның кәсіпкер Сергей Канмен (Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарында активтері бар энергетикалық CAEPCO тобының серіктесі) туыстық байланысы көрсетіледі. Қазақстандық БАҚ Павлодардағы ТЭЦ-2-де жұмысшының өлімі туралы жазып, сол топтың иелері — Сергей Кан мен Александр Клебанов екенін еске салған.
Жанна Кан — «ZK Group» ЖШС-ның құрылтайшысы. Бұл компания зергерлік бұйымдар, бренд киімдер, іш киім және үй интерьеріне арналған заттарды сатады. Салық төлеудің маңыздылығы туралы айтқанымен, Кан нақты көлемде салық төлеуді 2025 жылы ғана айтарлықтай арттырды. Компанияны 2022 жылы тіркеген, сол жылы 483 мың теңге салық төлеген. 2023 жылы — 2,7 млн, 2024 жылы — 15 млн теңгеден астам, ал 2025 жылы — аяқталмаған жылдың өзінде 42 млн теңгеге жуық салық төленген.
Сонымен бірге компания бірнеше рет салық төлеуді кешіктіріп, 4 миллион теңге көлемінде өсімпұл жинақтағаны белгілі. Қосымша ақпарат бойынша, Жанна Канның ЖШС-сы мемлекеттік сатып алуларға қатыспайды, ешкіммен соттаспаған және айыппұлдары жоқ.
Дубайдағы белсенді өмірі
Әлеуметтік желілерде Канның Дубайда резиденттік мәртебесі бар деген сыбыс тарағанымен, ашық дереккөздер мен жергілікті бизнесте оған дәлел табылмады. Дегенмен, Канның Дубай қоғамындағы белсенділігі айқын байқалады. Ол ортада сөз сөйлейді, түсірілімдерге қатысады, нетворкинг шараларына және форумдарға қатысады. Пиар-материалдарында да Дубай оның негізгі қызмет алаңдарының бірі ретінде жиі аталады.
Автор: Илья Астаханов
Жаңалықтар
- «Күдікті ұсталды»: Қарағандыда мектептің жанынан бір әйелдің мәйіті табылды
- Ақтаулық блогер Антикорға қарсы сотта жеңіске жетті
- Ақсу қалалық сайлау комиссиясының төрағасы жол апатынан көз жұмды
- Жезқазғанда 50 жастағы жұмысшы топырақ астында қалып көз жұмды
- Павлодар облысында жер үй өртеніп, 6 адам тірідей жанып кетті
- Талдықорған тұрғыны 7 жыл бойы қызын зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды
- Республикалық дирижерлер байқауы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналады
- Жанна Кан деген кім және BeWoman деген қандай форум?
- Түркиядан экстрадицияланған бұрынғы полицей сотқа дейін Өскеменде қайтыс болып кетті
- Қожамжаровтың қарамағындағылар «Қорғас ісі» бойынша тұтқындарды азаптағаны үшін сотталды
- Израиль мен ХАМАС бітімге келді
- «Ақшаны мұздатқышқа жасырған»: Медицина университетінің бұрынғы ректоры пара алғаны үшін сотталды
- Депутат өлім-жітімнен кейін Toyota Alphard көлігіне тыйым салуды ұсынды
- Қазақстандық алғашқы әйел ғарышқа ұшты
- Бағанашылдағы балалар үйінің ғимараты сүріледі
- Көңілдесін соққыға жыққан Қандыағаш әкімі айыппұлмен құтылды
- Тікелей эфирде 23 мың көрерменнің алдында бала босану тренд пе?
- Маңғыстауда бензин буына уланған сарбаз қаза тапты
- Алматы маңындағы елден жасырған құрылыс: Заңсыз нысан салып жатыр ма?
- Қазақ тілін үйренуге уақытым жоқ – «Барыстың» бас бапкері Кравец