Жанғалы ауданында жүкті әйел көз жұмды
Фото: иллюстратциялық/ freepik
15 мамырда БҚО-ың Жанғалы аудандық ауруханасында жүкті әйел көз жұмды. Үш баланың анасы, 36 жастағы Индира Тәкесова өз бетімен босануға келген, бірақ ауруханадан тірі шықпаған. Өкінішке қарай ана да, бала да қайтыс болды.
Бұл туралы БҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Индира Тәкесованың өліміне қатысты Қылмыстық кодекстің 317-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Атап айтсақ, «Медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы, абайсызда адам өліміне әкеп соғуы» бойынша іс қозғалды.
Марқұмның жұбайының айтуынша, өлім себебі әлі белгісіз. Сот-медициналық сараптама қорытындысы бір айдың ішінде дайын болады. Алайда, ер адам әйелінің өліміне адами фактор себеп болғанына сенімді және әділдікке жетіп, кінәлілерді жазалауға бел буып отыр.
Айта кетейік, бұл дәл осы ауруханадағы жүкті әйелдің бірінші өлімі емес. 2018 жылы жүктілігі 29 апталық 44 жастағы Бибінұр Негметова қансырап ауруханаға жеткізіліп, көп ұзамай операция үстелінде көз жұмған болатын.
Жаңалықтар
- Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындары ашылды
- СІМ шиеленіс жағдайында Таяу Шығысқа саяхатты азайтуды ескертті
- Трамп Иран басшылығын толық ауыстыруды қолдайтынын айтты
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды