Жанболат Ағаділді өлтіргендер неше жылға сотталады?

cover

Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Жанболат Ағаділдің өліміне байланысты қозғалған іс бойынша жарыссөз аяқталды. Айыпталушыларды 4-18 жылға бас бостандықтарынан айыру сұралынды.

Бұл туралы Orda.kz Азаттыққа сілтеме жасап хабарлады.

Іс бойынша Назарбеков, Әбілдаев, Сыдық, Жұмахан, Асболат, Рахмет сынды алты айыпталушы бар. Күдіктілерге «Бұзақылық», «Адам өлтіру», «Қылмысты жасыру», «Қылмысты хабарламау» баптары бойынша айып тағылды.

– Мен қорғап отырған азамат Өміржан Рахметке «Адам өлтіру» бабы бойынша айып тағылған. Прокурор оны 18 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. «Қылмысты жасыру» бойынша айыпталғандарға 4-5 жыл аралығында жаза сұрады. Өміржан Рахмет тағылған айыпты мойындамайды, – деді адвокат Жандос Тұяқов.

Оның айтуынша, 22 сәуірде түстен кейін сот үкімі шығады.

Еске салсақ, 2020 жылы 11 қарашада елордадағы жаппай төбелес кезінде пышақ жарақатын алған Жанболат Ағаділ көз жұмған. Жанжал Көктал және Талапкер ауылдарының жастары арасында шыққан.

Полиция факт бойынша қылмыстық іс қозғады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар