Жанабыловтардың адвокаты прокурорды заңды бұрмалады және БАҚ арқылы қысым көрсетті деп айыптады

cover Фото: Orda.kz

Жанабыловтар ісі бойынша сот отырысы барысында қорғау тарапы 16 наурыздағы соттан кейін мемлекеттік айыптаушының БАҚ-қа берген пікірлеріне баға беруді сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.

Адвокат Гаухар Айтжанованың айтуынша, прокурордың Қылмыстық кодекстің 218-бабы 2-бөлігі айыппұл қарастырмайды және тек бас бостандығынан айыруды көздейді деген мәлімдемесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес келмейді. Қорғау тарабы бұл норма баламалы екенін және айыппұл тағайындауға да мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сонымен қатар адвокат айыппұл мөлшеріне қатысты түсіндірмелердің де дұрыс берілмегенін айтты. Атап айтқанда, жария пікірлерде айыппұл шамамен бір миллиард теңгеге жетеді деген ақпарат айтылған. Қорғау тарапының пікірінше, бұл заңды қате түсіндіруден туындаған. Айыппұл айлық есептік көрсеткішпен (АЕК) — 3 мыңнан 7 мың АЕК-ке дейін белгіленеді, ал болжамды залал қаражатына көбейтілмейді.

«Мұндай жария мәлімдемелер қылмыстық заңның мазмұнын бұрмалайды, ықтимал жаза туралы біржақты пікір қалыптастырады және айыптау тарабының объективтілігіне нұқсан келтіреді. Оның үстіне, айыппұл АЕК бойынша — 3 мыңнан 7 мың АЕК-ке дейін белгіленеді, ал айтылғандай көбейтілген түрде емес».

Сондай-ақ қорғау тарабы мүлікке тыйым салу мәселесі бойынша да қарама-қайшылықтарға назар аударды. Бұған дейін прокурор БАҚ-қа сотталушылардың атына тіркелген жылжымайтын мүлік жоқ екенін және сол себепті тыйым салынбағанын айтқан. Алайда адвокаттың мәліметінше, Қаржы мониторингі агенттігінің 2025 жылғы 13 қазандағы қаулысымен сотталушыларға тіркелген тұрғын үйге тыйым салынған.

Қорғау тарабының айтуынша, мұндай мәлімдемелер БАҚ-та істің бұрмаланып жариялануына және қоғамда жағымсыз пікірдің қалыптасуына себеп болған.

«Бұқаралық ақпарат құралдарында шамамен бір миллиард теңге айыппұл және 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы көптеген жарияланымдар пайда болды. Бұл мүлікті жасырды деген сияқты пікірлердің көбеюіне әкелді, ал бұл шындыққа сәйкес келмейді және сотқа қысым көрсетуі мүмкін».

Осыған байланысты сот мемлекеттік айыптаушыға қылмыстық заң нормалары мен іс мән-жайларын дұрыс түсіндірмеуге жол берілмейтіні туралы ескерту жасады.

Сонымен қатар Жанабыловтар ісі бойынша сотта алғашқы жәбірленуші Назым Уразбаевадан жауап алынды. Ол Instagram желісінде курстардың жарнамасын көріп, оқу үшін төлем жасап, логин мен пароль алғанын, алайда кейін платформаға қайта кіре алмағанын айтты.

Жәбірленуші блогерлерге жеке хабарлама арқылы курстарға қол жеткізуді немесе ақшаны қайтаруды сұрағанын, алайда толық қайтарым алмағанын мәлімдеді. 

— Сіз біздің техникалық қолдауға жүгіндіңіз бе? — деп сұрады Төлегенова.
— Жоқ.
— Сізге ақшаны қайтарсын немесе курстарға қолжетімділік берсін дейсіз бе? Яғни, бұл курстар сізді әлі де қызықтыра ма? — деп сұрады адвокат.
— Иә, ол жерде оқыту курстары болған.

Ол «сәттілік дөңгелегінен» 5000 теңге ұтып  алған.

 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар