Жаңа туризм және спорт министрі тағайындалды

cover Фото: primeminister.kz

Туризм және спорт министрі болып Ербол Мырзабосынов тағайындалды.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымына тағайындалды» делінген хабарламада.

Бұған дейін депутаттар Мырзабосыновтың кандидатурасын мақұлдаған болатын.

Ол бұл қызметтен 31 тамызда министр қызметінен босатылған Ермек Маржықпаевтың орнына келді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар