Жаңа оқу жылында Алматыда 22,5 мың оқушыға арналған 12 жаңа мектеп ашылады
Алматыда Конституция күні мен Білім күніне орай, «Келешек мектептері» жобасы аясында 22 500 оқушыға арналған 12 жаңа мектеп есігін ашады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеп Orda.kz хабарлайды.
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды жаңа оқу жылына дайындық бойынша жұмыс кеңесін өткізді. Онда білім беру мекемелерінің дайындығы қаралды. Жаңа мектептер Теректі, Самғау, Қарасу, Ақбұлақ, Нұрлы Дала ықшам аудандарында, сондай-ақ Левитан көшесі мен Райымбек даңғылы, 210 мекенжайында орналасқан.
Қыркүйек айының соңына дейін қосымша 10 500 оқушыға арналған тағы 5 мектеп іске қосылады деп жоспарлануда.
Білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденовтің айтуынша, 2025–2026 оқу жылында Алматыда барлығы 353 мектеп жұмыс істейді.
Жаңа мектептерге 10 889 оқушы қабылданды. Оқу процесін ұйымдастыру үшін 693 педагог жұмысқа алынған: олардың 350-і enbek.kz порталы арқылы конкурс негізінде қабылданса, 343-і басқа білім беру ұйымдарынан ауыстырылған.
Сондай-ақ, қалада 44 мемлекеттік мектептің 7 532 оқушысы «Мектеп автобусы» жобасын пайдаланады. Жаңа мектептердің ашылуына байланысты бұл жобаға деген сұраныс арта түсуде.
1 қыркүйекте салтанатты жиындар тек 1-сынып және бітіруші сынып оқушылары үшін өтеді. Биыл бірінші сыныпқа 29 240 бала барады, ал 19 765 оқушы мектеп бітіреді. Қалған сыныптар үшін 2 қыркүйекте Білім күніне арналған «сынып сағаты» өткізіледі.
Сонымен қатар, Алматыда 88 колледж бар, онда 85 544 студент оқиды. Қала сыртынан келген студенттер үшін 46 жатақханада 6 100-ден астам орын бар, оның ішінде 10 мемлекеттік колледж жанындағы 11 жатақханада 2 200-ден астам орын қарастырылған.
Қалада 35 жоғары оқу орны жұмыс істейді, онда 202 мың студент білім алуда. Олар үшін 128 мың орындық студенттік жатақханалар қарастырылған.
Біз бұған дейін Алматыда 7 жаңа мектептің құрылысы аяқталып, ал тағы 4 мектепті биылғы тамыз айының соңына дейін пайдалануға беруді жоспарланып отырғаны туралы хабарлағанбыз.
Сонымен қатар жақында Алматыда жаңа мектептің қазақ тілінде ашылуын талап еткен мұғалім қамауға алынды. Алматыда ата-аналар жаңа мектептің аралас тілде ашылғанына қарсы болғаны туралы тілшіміздің зерттеу мақаласын мына жерден оқыңыз.
Жаңалықтар
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды