Жамбыл облысындағы жарылыстан кейінгі өрт сөндірілді

cover

Жамбыл облысында оқ-дәрі қоймасынан шықан өрт толығымен сөндірілді. Бұл туралы қорғаныс министрлігі ведомство басшысы Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, әскери қызметшілер әлі де  өрт ошақтарында жұмыс істеуде.

— Халықтың қауіпсіздігін жүз пайыз қамтамасыз ету үшін барлық шара қабылдануда. Сақтау базасы қоршалған маңға жақын салынған бірнеше үйдің тұрғындарын қоспағанда, барлығы өз үйіне оралды, - делінген қорғаныс министрлігі хабарламасында.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы инженерлік әскерилері оқ-дәрі қоймасы аумағын тазалауға кірісті. Аталған жұмыстар үшін бөлімшелер инженерлік және брондалған машиналарды пайдалануда.

— Әскери саперлер темір жол мен іргелес жатқан елді мекендер аумағында инженерлік барлау жүргізіп, тазалап шықты, - дейді қорғаныс ведомствосы.

Естеріңізге салсақ, 26 тамыз күні кешке Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды. Соңғы деректер бойынша, барлығы 13 адам қаза тауып, жүзге жуық адам жарақат алған. Жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Аталған қайғылы оқиғаға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

 Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігі қызметтік бабында жүрген кезінде ерлікпен қаза тапқан өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың фотосын жария етті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар