Жамбыл облысында оқушысы қайтыс болған мектептің директоры қызметіне оралды
Коллаж: Orda.kz
Байзақ ауданының прокуратурасы Құмжота ауылы мектебінің директоры Қанатбек Байтенге қатысты қылмыстық істі тоқтатты. Бұған дейін оны оқушының қазасынан кейін қылмысты жасыруы мүмкін деген күдікпен тергеген. Алайда тергеу барысында айыптауға негіз болар дәлел табылмады, деп хабарлайды Orda.kz.
Мектеп директорының өзі бұл кезеңнің өте ауыр өткенін айтты:
«Бұл жағдайды өте ауыр қабылдадық. Мен қызметімнен шеттетілдім. Жарты жыл бойы тергеу жүргізілді. 29 қыркүйектен бастап қайта қызметіме оралдым», – деді Қанатбек Байтен.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында жасөспірімдер арасындағы жантүршігерлік жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында бір топ оқушы жетім қызды жыныстық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеп, оны бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желідегі топтарға таратқан. Қазір бұл оқиға бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 124-бабы («жас балаларды азғындық жолға түсіру») бойынша іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.
Жаңалықтар
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды