Жамбыл болысында Әскери танк пен Мерседес автокөлігі соқтығысты

cover Фото: Gov.kz

28 тамызында Гвардиялық гарнизонның «Мәтібұлақ» оқу-жаттығу полигоны аумағында әскери техниканы жылжыту кезінде «Мерседес» автокөлігі жол ережесін бұзып, Т-72 танкімен соқтығысты.

Әскери техника қозғалатын аумақ «Танкке жол бер» белгісімен жабдықталған.

Көлік жүргізушісі жеңіл жарақат алды. Ол ауруханаға жатқызудан бас тартты. Шағымдары жоқ. Қазір қызметтік тергеу жүріп жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар