Жалақы 85 мың: шенеуніктер жалақысын төмендету туралы петицияға қол жиналуда
сурет: Қазақ газеттері
Қазақстандағы шенеуніктердің жалақысын 85 мың теңгеге дейін төмендетуге 36 мыңнан астам қазақстандық дауыс берді.
Бес күн ішінде петицияға 36 432-ден астам адам қол қойды, онда былай деп жазылған (құжат мәтіні сақталды – ескерту ред.):
«Біз Қазақстан халқы барлық шенеуніктердің (әкімдер, министрлер, депутаттар және т.б.) жалақысын 85 000 теңгеге дейін төмендетуді талап етеміз. Олар адам айына 85 мың теңгеге өмір сүре алады деп отыр. Олар айына 85 мың теңгемен өмір сүре алатындықтан, оларға мұндай жоғары жалақы төлеу дұрыс емес. Ал түскен қаражатты қазақстандықтардың өзекті мәселелеріне бағыттау керек».
Одан әрі автор шенеуніктерге үнемделген қаржыны не нәрсеге жұмсауға болатынын нақтылайды. Бір қызығы, петицияға 188 адам ғана қарсы.
Жақында журналистер Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтан 80 мың теңгеге қалай өмір сүруге болатынын сұраған болатын.
«Бұл қиын, айта алмаймын, түсініктеме бере алмаймын. Қайталап айтамын, егер мұндай мүмкіндік болса (жалақыны көтеру – ред.), біз шығындардың өсуін қолдауға дайынбыз. Бірақ бұл тек жалақы мәселесі емес. Енді біз инфляция деңгейімен күресуіміз керек», - деді министр.
Осыған дейін қазақстандық блогер Глеб Пономарев ең төменгі жалақымен бір ай өмір сүруге тырысқанын, соңында денсаулығына қатысты мәселеге тап болып, психотерапевтке жүгінуге тура келгендігін жазды.
Блогер 70 мың теңгемен бір ай өмір сүрмек болған эксперимент екі аптаға да жетпей, ақшасы 13-ші күні таусылғанын айтты.
Жаңалықтар
- Жидда мен Дубайдан арнайы рейстермен елге тағы 506 адам қайтарылады
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы