Әйелдер шағын және орта бизнесте көш бастап тұр – Балаева
Фото: BeWoman Asia 2025 Орталық Азия форумының баспасөз қызметі
Алматыда Be Woman Asia 2025 форумында түрлі салада жетістікке жеткен мамандар бас қосты. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әйелдер ел экономикасының қозғаушы күші екенін жеткізді, деп хабарлайды Orda.kz.
«Еліміздегі әйелдер бүгін де экономиканың нағыз қозғаушы күші. Қазақстандағы шағын және орта бизнес кәсіпорындарының 48,2 пайызы әйелдердің басшылығында. Ал жеке кәсіпкерлер арасында әйелдердің үлесі 53,4 пайызға жетті», – деді Балаева.
Аида Балаеваның айтуынша, парламенттегі орындардың 30%-ы әйелдер мен жастарға бөлінген. Оған қоса қазіргі уақытта, мемлекет кәсіпкер әйелдерге арналған гранттар мен жеңілдетілген несие беру бағдарламасын ойластырып жатыр. Сонымен қатар, министр еліміздегі ең ірі технопарк Astana Hub-та әр жетінші стартапты әйелдер ашқанын ерекше атап өтті.
«Қазақстанда әйелдер арасындағы сауаттылық деңгейі 99,9%. Елдегі әр бесінші әйелдің жоғары білімі бар. Сонымен қатар, қазақстандық әйелдер технология, ғылым және инженерия саласында да алда келеді. IT және цифрлық экономика саласында 31% әйел еңбек етеді», – деді мәдениет және ақпарат министірі.
Сондай-ақ, Балаеваның пікірінше, еліміздегі шағын және орта бизнес кәсіпорындарында әйелдердің үлесі басым әрі олардың әлеуметтік жауапкершілігі жоғары.
«Қай жерге қарамасаңыз да әйелдер бизнес жүргізеді, болашақ ұрпақты оқытады, зертхана, керек болса ауыл шаруашылығында да әйелдердің үлесінің зор екенін көреміз. Оған қоса мемлекеттік қызметте де жұмыс істеп, мемлекеттік жобаларды басқарып келеді», – деді министр.
Айта кетейік, Be Woman Asia 2025 – Орталық Азиядағы әйелдер көшбасшылығына арналған ең үлкен форум. Биыл ол 26 қыркүйекте Алматыдағы Республика сарайында өтіп жатыр. Форумның басты ұраны – «Ұрпақтар күші». Бағдарламада ашық пікірталастар, шеберлік сабақтары, табысты кәсіпкерлердің әңгімелері мен халықаралық спикерлердің баяндамалары бар.
Қатысушылар арасында әлемге белгілі мотивация беретін жаттықтырушы Брайан Трейси, ресейлік журналист Владимир Познер, ресейлік қоғам қайраткері әрі бизнес-тренер Ирина Хакамада және басқа да танымал сарапшылар бар.
Жаңалықтар
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
- Иран әскері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады
- Щучинскідегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын баяндады
- LRT жолаушылар үшін қашан іске қосылады? Астана әкімі жауап берді
- «Қайрат» ФК дәрігері Астана әуежайында бомба туралы қалжыңдаймын деп жауапқа тартылды