Жақында қысқы ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталады

cover Фото: gov.kz

Тестілеуге өткен жылдардағы мектеп түлектері, колледж студенттері мен он бірінші сынып оқушылары қатыса алады, деп хабарлайды Orda.kz.

Қаңтар айындағы ҰБТ-ға қатысуға өтініштер 22-30 желтоқсан аралығында қабылданады. Тіркеу app.testcenter.kz сайтында және UTO қосымшасында қолжетімді.

Тестілеудің өзі 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді. Талапкерлер тест тапсыратын орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды.

«Формат 2026 жылы өзгермейді. Талапкерлер үш міндетті және екі бейінді пән тапсырады. Тестілеуде барлығы 120 тапсырма бар. Ең жоғары балл - 140. Тестілеу уақыты төрт сағат алады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін 40 минут қосылады» деп ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде еске салды.

Биылғы ҰБТ кезінде калькуляторды пайдалануға рұқсат етіледі. Сондай-ақ Менделеев кестесін және тұздардың ерігіштік кестесін өзіңізбен бірге алуға болады.

Айтпақшы, ҰБТ алдағы 3 жылда толық өзгеріп, халықаралық стандарттарға сай әзірленеді.

Біз ҰБТ-ге қалай дайындалу жөніндегі  ең тиімді әдістер мен кеңестерді мында бергенбіз.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар