Жүргізуші жұмысшыларды көшенің қақ ортасында пышақтап кетті

cover

Нұр-Сұлтанда жол құрылысы жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшыларды ұрып-соғып, пышақтап кеткен.

Бұл туралы Orda.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

Жол құрылысы жұмыстарын жасап жүрген жұмысшылар тобына шабуыл жасалған. Түнде «102»-ге Алаш тас жолы бойындағы көпірде жаппай төбелес жүріп жатқаны туралы хабарлама келді.

Сағат 00:40 шамасында белгісіз адамдар Lexus автокөлігімен жол жұмыстары жүргізіліп жатқан жермен өтпек болған. Белгілі болғандай, ұрыс төбелеске ұласып, жүргізуші мен көлік жолаушылары жұмысшыларды пышақтап тастаған.

Оқиға салдарынан үш жұмысшы пышақ жарақаттарымен қалалық ауруханаға жеткізілді.

Көліктің жүргізушісі мен жолаушысын полиция ұстады. Оқиға орнын қарау кезінде полицейлер пышақты тапты. Қазіргі уақытта төбелес шығарған 29 және 20 жастағы екі азамат полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар