«Жұмыстағы махаббат»: Маңғыстаулық шенеунік кешірім сұрады (видео)

cover

Маңғыстаулық шенеунік өзінің әйел бастығына қымбат иіссу сыйлаймын деп, жұмыстан кеткен. Артыннан ер адам бейнежазба арқылы кешірім сұрады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Бақтияр Қуанышбеков Маңғыстау облысында Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген.

Ол өзінің жұмысшыларына бастықпен қарым-қатынасты реттеу үшін қымбат иіссу сыйлайық деп айтқан. Басшының мәлімдемесі түсіп қалған бейнежазба желіде лезде тарады. Кейін Қуанышбеков осы үшін жұмысынан айрылды.

– Желіде тараған видео үшін кешірім сұраймын. Басқарма басшыларынан кешірім сұраймын, өйткені біздің арамызда сыйлық туралы ешқандай келісім болған жоқ. Сондай-ақ облыс әкімінен кешірім сұраймын, - деді экс-шенеунік.

Шенеунікке бұл жағдайдан бұрын әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін ресми шағым түскен.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар