Зеленский Ресейде Telegram-ның бұғатталуы туралы: Соғысты тоқтату үшін

cover Фото: freepik.com

Украина президенті Владимир Зеленский журналистермен сұхбат барысында Ресейде Telegram-ның бұғатталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Зеленский Ресейліктерге Telegram-ды жабу — халыққа ұнамайтын шешімдерді қабылдау үшін қажет болуы мүмкін деп есептейді. 

«Мүмкін, бұл соғысты белгілі бір форматта аяқтау болар. Немесе, керісінше, соғысты одан әрі ушықтыру. Ондай жағдайда, оларда мобилизация күшейеді. Бұл — Мәскеу мен Санкт-Петербург тұрғындарын майданға жіберу және олардың мәйіттерінің қайтадан осы қалаларға оралуы. Яғни, бұрын мобилизациядан айналып өтетін ірі қалалар енді одан құтыла алмайды» деп жазды Украина басшысы. 

Зеленский өз сөзінде бұның тағы бір нұсқасын ұсынды. Оның пікірінше, Ресейдің бұл әрекеті қоғамның реакциясы қандай болатынын білмей, соғыстың әртүрлі аяқталу сценарийлеріне дайындалу болуы мүмкін екен. 

«Олар өз пропагандасы арқылы қоғамның радикалды бөлігін күшейтіп жіберді. Менің ойымша, бұл адамдар соғысты аяқтауға дайын емес. Сонымен қатар, қоғамның тағы бір бөлігі бар, олар соғыстың ушыққанына теріс реакция білдіруі мүмкін», — деді Зеленский. 

Украина басшысы тек өз ойын айтқанын, Telegram-ның бұғатталуына басқа себептер де әсер еткен болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, ресейліктер Telegram жұмысына әдеттегіден жиі шағымдана бастады. РИА дерегіне сүйенсек, таңертеңнен бері өтініштер саны күрт артқан. Соңғы бір сағаттың өзінде 2,4 мыңнан астам шағым тіркелген, ал бір тәулікте — 5,3 мыңнан асады.

Ең көп шағымдар Ресейден — Санкт-Петербург қаласынан, Магадан облысы мен Ямал-Ненец автономды округі тұрғындарынан келіп түскен. Сондай-ақ АҚШ пен Германия пайдаланушылары да шағымдануда.

Ресейдегі байланыс, ақпараттық технологиялар және бұқаралық ақпарат құралдарын бақылайтын мемлекеттік орган ақпан айының ортасында Telegram-ға қатысты шектеулерді кезең-кезеңімен енгізуді жалғастыратынын мәлімдеді. Бұл — Ресей заңдарының орындалуына қол жеткізу және азаматтарды қорғау мақсатында жасалып отыр деген. 

Ведомствоның мәліметінше, Ресей заңнамасын жүйелі түрде елемейтін сервистерге біртіндеп шектеулер қарастырылған. Егер бұзушылықтар жойылса, бұл шектеулер де алынып тасталуы мүмкін. Алайда бірқатар мессенджерлер, соның ішінде Telegram, аталған талаптарды әлі орындамаған.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар