Қызылордада 5 жыл бұрын салынған мектеп апатты жағдайда тұр

cover Иллюстрациялық сурет

Қызылорда облысы Арал ауданында 5 жыл бұрын 402 млн-ға салынған жаңа мектептің сапасы сын көтермей тұр. Онда оқитын 150-дей оқушы қыркүйекте қайда баратындары белгісіз.

Бұл туралы Orda.kz 31 арнаға сілтеме жасап хабарлады.

Мектептің қолданысқа берілгені сол еді, оның қабырғалары жарыла бастаған. Былтыр тіпті «апатты ғимарат» ретінде танылған. Ең қызығы, оның салынғанына небәрі 5 жыл болған.

Мектеп оқушыларының ата-аналары бөлінген қаражатқа сапасыз білім ордасын салған жергілікті билік өкілдеріне ашулы.

Қыркүйекте оқушылар мектеп қабырғасын емес, әкімдік ғимаратында сабақ өтулері мүмкін. Себебі, 2021 жылы оқушылар І тоқсан жылуы жоқ, еш дайындығы жоқ әкімдікке келуге мәжбүр болған. Сол кезде суықтан балалар ауырып шыққан.

– Қиын болды. Балалар сыймады. Ең көп дегені 24 баладан болды. Оның үстіне суық болды. Іші ремонтталмаған, балалар тоңды. Бірақ амал жоқ. Оқу керек, оқыды, - деді ата-аналардың бірі Гүлмараш Әбілтаева.

Облыстық білім басқармасы ауылдағы бұл мәселені алдағы жыл шешіп бере алмайды. Себебі, тексеріс жүргізіп, оның жөндеу жұмыстарына есеп жүргізу керек. Ал ол уақыт алады.

– Жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, облыстық мәслихатқа бюджеттік өтінім ұсынылып отыр. Бюджеттен қолдау тауып отыр. Сапалы салынуы, сапасыздығынан апатты жағдай орын алып отыр деу үшін оған сараптама керек. Жер асты сулары көбейіп кетеді. Содан болуы керек, - деді Қызылорда облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Бердәулетов.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар