«Қызыл», «сары», «жасыл»: өңірлер қандай түске ие?

cover

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы коронавируске байланысты «қызыл», «сары» және «жасыл» аймақтар бойынша ақпаратты жаңартты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

21 наурыздағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «қызыл» аймақта үш өңір бар.

«Қызыл» аймақта: Нұр-сұлтан қаласы, Алматы қаласы, Батыс Қазақстан облысы.

«Сары» аймақта: Ақмола, Алматы, Атырау және Қарағанды облыстары.

«Жасыл» аймақта — қалған барлық өңірлер.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар