Қытайлық екпе алдымен тек «Самұрық-Қазына» қызметкерлеріне салынады

cover

Қытайлық Covid-19-ға қарсы БАӘ жасалған Hayat-Vax екпесі бірінші кезекте «Самұрық-Қазына» компаниясының қызметкерлеріне салынады. Артылып қалған жағдайда халыққа беріледі.

Бұл туралы Orda.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

1 млн доза вакцинаны «СҚ-Фармация» компаниясы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры есебінен сатып алды. Вакцинаның бір дозасы 31,1 доллар тұрады. Осылайша, жалпы ұсыныс 31,1 млн долларды құрады. Сәуірде 400 мың доза, мамырда 600 мың доза жеткізіледі.

«Самұрық-Қазынаның» сайты бастапқыда қор өз қызметкерлері мен олардың отбасыларын вакцинациялауды барынша арттыру үшін миллион доза вакцина сатып алғандығы туралы хабарлады.

«Самұрық-Қазына» қоры компаниялар тобына 276 мың қызметкері бар 292 кәсіпорын кіреді. Әр адамға 14 күнде Хаят-Вакстің екі дозасын тағайындау ұсынылады. Яғни, егер қордың барлық қызметкерлері қытайлық вакцинаны алатын болса, онда екпе артылмайды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар