Қытайда мешіттердің күмбездері алына бастады

cover Синин қаласындағы Дунгуан мешіті

Қытай Халық Республикасының үкіметі исламдық архитектураға «қытайландыру» саясатын жүргізе бастады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Елдегі биліктің мәлімдемесі бойынша, ислам мәдениетін көрсетпеу үшін бүкіл ел бойынша мыңдаған мешіттердегі күмбездер мен мұнараларды алып тастайды.

Қытайда мешіт ғимараттарының күмбездері алынып, мұнаралар қиратылады. Атап айтқанда, жақында Синин қаласындағы 700 жылдық Дунгуан мешітінен үлкен жасыл күмбездерді алып тастау туралы шешім қабылданды.

— Үкімет біздің мешіттерімізді Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңына ұқсайтындай етіп «қытайландыруды» қалайды, — деді жергілікті тұрғын Әли.

NPR басылымының ақпараты бойынша, ҚХР-ның ресми этномәдени саясаты аясында елдің әрбір ұлтына өз автономиясы берілген. Оған қарамастан, іс жүзінде соңғы уақытта Коммунистік партия мемлекеттің бүкіл қытайлық емес халқын ассимиляциялау және «қытайландыру» бойынша белсенді бағыт жүргізіп отыр. Атап айтқанда, бұрын сепаратистік көңіл-күй байқалған солтүстік-батыстағы мұсылман халықтарында ерекше бақылауда отыр.

Еске салсақ, жақында биліктің өтініші бойынша Apple Қытай қолданушылары үшін Құран мәтіні бар ең танымал исламдық қосымшалардың бірін жойды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар