Қытай билігін сынға алған батыс компаниясына жол жабылды

cover

Қытайдың түркітілді мұсылмандарды қудалауын сынға алған батыс компанияларының жолы жабылды.

Бұл туралы Orda.kz. Азаттыққа сілтеме жасап хабарлады.

Қытайлықтар әлемге танымал брендтерге «тиісіп жатыр». Атап айтқанда, Nike, H&M, Burberry компанияларының өнімдеріне байкот жариялады.

Қытай сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Хуа Чуньин Пекинде өткен жиында:

– Қытайлықтар кейбір шетелдіктерге «су ішкен құдығына түкіруіне» жол бермейді, деді.

БҰҰ Шыңжаңдағы «қайта тәрбиелеу лагерлерінде» кемінде бір млн ұйғыр мен өзге де түркітілді мұсылман қамалғанын мәлімдеген.

Ал құқық қорғаушылар Қытай билігін әйелдерді күшпен зарарсыздандырып, адам еңбегін қанап жатыр деп айыптады.

Еске салсақ, 2020 жылдың желтоқсан айында ВВС жүздеген мың аз ұлт өкілдері Шыңжаңдағы мақта алқаптарында жұмыс істеуге мәжбүрленгендігі туралы зерттеу жасаған.

Шыңжаң – мақта өндіру бойынша әлемде жетекші орын алатын аймақтардың бірі. Ол батыс компанияларын шикізатпен қамтамасыз етеді.

Бұған дейін батыс компаниялары адам құқығының бұзылуына байланысты Шыңжаңнан мақта сатып алудан бас тартқан болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар