Үш келі сынапты 100 млн теңгеге сатпақ болған түркістандық ұсталды
Алматы облысы ДП бейнесінің скриншоты
Алматы облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы операция барысында ірі көлемдегі сынапты заңсыз сату әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды Orda.kz.
Жедел-іздестіру шаралары облыстық прокуратураның үйлестіруімен және Алматы облысы бойынша ҰҚК департаментімен бірлесіп жүргізілген.
«Затты 100 млн теңгеге сатпақ болған кезде Түркістан облысының 28 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп мәлімдеді Алматы облысы ПД бастығы Мейрам Әбікеев.
Мәміле жасалған жерде ішінде үш келіден астам металл сынабы бар шыны ыдыс тәркіленді.
Ведомство мәліметінше, арнайы операция сынапты заңсыз мақсатта пайдаланудың алдын алып, одан да ауыр салдардың болуына жол бермеді.
Сынапты кен орындарынан қолмен алтын өндіру тәсіліне пайдалануға болады. Сонымен қатар ол жарылғыш заттың бастапқы қажетті элементі.
Бұдан бөлек, сынап — аса улы химиялық зат, ол адам өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Оның буы ауыр улануға, жүйке жүйесінің зақымдануына әкеліп, ағзада және қоршаған ортаға ұзақ мерзімді зиян келтіруі мүмкін.
Оқи отырыңыз:
- Қырғызстандық спортшы 190 тонна болатын сегіз вагонды 6,5 метрге сүйреді
- Алматылық мектеп оқушысы БҰҰ-да ауадан су өндіру технологиясын таныстырды
- Қостанайда тірі адамның қолына «қайтыс болғаны» туралы күәлігін ұстатқан
Жаңалықтар
- Авиотын қымбаттады: Әлем және Қазақстан нарығы қандай жағдайда?
- Үш келі сынапты 100 млн теңгеге сатпақ болған түркістандық ұсталды
- Қазақстан үшін ғарыш — тек ғылыми сала емес, ұлттық мақтаныш, стратегиялық даму бағыты
- ХҚКО-лардың қызметі азайып, бәрі онлайн форматқа өтіп жатыр
- АҚШ пен Иран келіссөздерді уақытша тоқтатты: Бітімгерлік келісім аяқсыз қалды
- Қырғызстандық спортшы 190 тонна болатын сегіз вагонды 6,5 метрге сүйреді
- Түнде Астанадағы өрттен үш бала қаза тауып, әйел ауруханаға түсті
- Мемлекет басшысы еліміздің православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады
- Алматылық мектеп оқушысы БҰҰ-да ауадан су өндіру технологиясын таныстырды
- Қостанайда тірі адамның қолына «қайтыс болғаны» туралы күәлігін ұстатқан
- Алматы облысында 20 келі есірткімен ұсталған екі адам 9 жылға сотталды
- Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи-мәдени құндылығы зор құжат берді
- Адамдарды сиырмен салыстырған «ұстаз-блогер» айыппұл арқалады
- АҚШ пен Иран келіссөздері басталды: Тараптардың талаптары қатаң
- Тоқаев Бұхара қаласына келді: Стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасы талқыланады
- Израиль мен Ливан атысты тоқтату жөніндегі келіссөз күнін белгіледі
- Ұлттық банк валюталық бақылауды күшейтіп, жаңа ереже енгізеді
- Иран мен АҚШ арасындағы бітімгерлік келіссөздер өте ме?
- АҚШ профессоры: Трамп тығырыққа тірелді, Иран әлемді аузына қаратып отыр
- Тоқаев Трампқа «Артемида-2» миссиясы ғарышты игерудегі тарихи кезең екенін айтты