«Үш бала қаза тапты»: Абай облысында ойнап жүрген балаларды көлік басып кетті

cover Фото: Pixabay.com

Үржар ауданының Бестерек ауылында үйдің жанында ойнап жүрген балаларды көлік қақты. Үш бала оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Orda.kz.

Қайғылы жағдай 19 тамызда сағат 16:00 шамасында болған. Абай облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Toyota көлігінің 55 жастағы жүргізушісі көлік тізгінін басқара алмай қалған. Апат салдарынан екі бала оқиға орнында қайтыс болды. Біреуі ауруханаға барар жолда көз жұмды. Тағы үшеуі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды.

Президенттің тапсырмасымен Астанадан денсаулық сақтау министрлігінің дәрігерлері қорғаныс министрлігінің әскери-көлік авиациясымен жеткізілді.

Облыс әкімі Берік Уәлидің тапсырмасына сәйкес қаза болғандардың отбасыларына жерлеу рәсімін ұйымдастыруға қажетті барлық қолдау, сондай-ақ психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі.

Оқиға орнында облыс әкімінің орынбасарының үйлестіруімен арнайы топ жұмыс істеп жатыр. Жағдай облыс басшылығының ерекше бақылауында.

Айта кетейік, Степногорск қаласында 23 жастағы әйел 7 айлық нәрестесімен 7-қабаттан құлап кетті. Өкінішке қарай, екеуі де қаза тапты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар