Қырғызстан орыс тілінен бас тартуда

cover

Қырғызстанда Конституция кеңесінің мүшесі Садирдин Торалиев кеңестің 26 қараша күнгі отырысында Конституциядан орыс тілі - ресми тіл деген норманы алып тастауды ұсынды

Қырғызстан Конституциясы бойынша бүгінгі күні орыс тілі ресми тіл болып саналады. Бұған дейін де бұл мәселе көтеріліп, 2019 жылы да конституциялық реформа жүргізуді ұсынған саяси күштер бірлестігі орыс тілінің ресми мәртебесін алып тастауды ұсынған болатын.

Қырғызстанда жаңа Конституция жобасы 17 қарашада қоғам талқылауына  шығарылған еді. Сонымен қатар бұл құжат президенттің өкілеті мен рөлін айтарлықтай арттырады. Егер түзетулер мақұлданса, Қырғызстан іс жүзінде қазіргідей парламенттік емес - президент басқаруындағы республикаға болмақ. Құжат авторлары Халық құрылтайы атты консультативтік, үйлестіруші жаңа орган құруды да ұсынып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, бұрын совет одағы құрамында болған Орталық Азия елдері ішінде Қазақстанда да орыс тілі ресми мәртебеге ие,  Өзбекстан мен Түркіменстанда орыс тіліне ешқандай ресми мәртебе берілмеген. Ал Тәжікстанда орыс тілі Конституция бойынша халықаралық қарым-қатынас тілі болып саналады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар