Үкіметтің тағы бір мүшесі лауазымын сақтап қалды
Үкіметтің тағы бір мүшесі қызметін сақтап қалды. Ғалымжан Қойшыбаев премьер-министрдің орынбасары – үкімет аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – үкімет аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды» делінген Тоқаевтың жарлығында.
Ғалымжан Қойшыбаев 1968 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университететін тәмамдаған, философия ғылымдарының кандидаты.
1995-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі, кеңесші-уәкілі болып қызмет еткен.
2004 жылы Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы өкілетті өкілі болған.
2004-2006 жылдары Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің бас инспекторы, 2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, 2008-2012 жылдары Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы, Эстония Республикасындағы және Финляндия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі (қоса атқарушы), 2012-2016 жылдары Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасы мен Эстония Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі (қоса атқарушы), 2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы cыртқы істер министрінің орынбасары қызметтерін атқарды.
2019 жылғы 26 наурызда ҚР премьер-министрі ееңсесінің басшысы болып тағайындалды.
2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесінің басшысы болып қайта тағайындалды.
2023 жылғы 4 қаңтарда мемлекет басшысының жарлығымен ҚР премьер-министрінің орынбасары – үкімет аппаратының басшысы болып тағайындалды.
2023 жылғы 3 сәуірде мемлекет басшысының жарлығымен ҚР премьер-министрінің орынбасары – үкімет аппаратының басшысы болып қайта тағайындалды.
2024 жылғы 6 ақпанда ҚР президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – үкімет аппаратының басшысы болып тағайындалды.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды