Үкімет медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға жазаны қатаңдатудан неге бас тартты
Фото: pixabay.com
Қазақстан үкіметі медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға жазаны қатаңдату туралы бастаманы қолдамады. Денсаулық сақтау министрлігі мен депутаттар дәрігерлерге жасалған шабуылды полиция қызметкеріне жасалған шабуылға теңестіруді ұсынды.
Сенат отырысында денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев бұл норманы құқық қорғау органдары қажетсіз деп есептегенін айтты.
«Бұл нормаға құқық қорғау органдары, ішкі істер министрлігі, бас прокуратура, әділет министрлігі және жоғарғы сот қарсы болды. Олар бүгінде барлығына ортақ нормалар бар екенін айтып отыр, яғни барлық мемлекеттік қызметкер өзінің кәсіби қызметін атқару кезінде денсаулығына немесе өміріне зиян келген жағдайда жалпы стандарттар бойынша қорғалады», - деді Тимур Сұлтанғазиев.
Алайда денсаулық сақтау министрлігі бұл норманы талап етіп, оны заңнамалық тұрғыдан қайта енгізбекші. Бұған себеп, Сұлтанғазиевтің айтуынша, дәрігерлер мен жедел жәрдем жүргізушілеріне шабуыл жиілеген.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды