Үкімет Арқалықты құтқару үшін 250 млн теңге бөлді
Фото: Ольга Ибраеванікі
Үкімет Арқалық қаласының жылу желілерін жаңғыртып, қайта жөндеуге қаржы бөлді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қостанай облысындағы Арқалық қаласының жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін үкімет резервінен шамамен 250 миллион теңге бөлінді. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды.
«Арқалық ЖЭО 375 ғимаратқа қызмет көрсетеді және коммуникациялардың тозуына байланысты жоғары тәуекел аймағындағы жылу көздерінің тізіміне енгізілген. Қаладағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 34,7 км, оның көп бөлігі 1990 жылы пайдалануға берілген. Бүгінде тозу деңгейі орта есеппен 48 пайызды, ал кейбір учаскелерде 82 пайызға дейін жетеді. Бұл жылу беру маусымында 24–29 пайызға дейінгі энергия шығынына алып келеді» деп жазылған үкімет хабарламасында.
2023 жылдан бері қалада жылу көздерін реконструкциялаудың екінші кезеңі жүзеге асырылып жатыр. Бүгінгі таңда 17 шақырым жылу желісі ауыстырылды. 2025 жылы тағы 9,9 шақырым желіні жаңарту жоспарланған. Жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілуде. Жоба толық аяқталған соң, жалпы тозу деңгейі 12 пайызға төмендейді деп күтілуде.
Қазіргі таңда Арқалықта 38,4 мың адам тұрады.
Жаңалықтар
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?