«Үй кезегіндегі 21 мың адам»: Шенеунік әйеліне қызметтік пәтер сыйлады
Фото: Pexels
Оралда мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер беру мәселесі бойынша дау шықты. 2023 жылдың 13 шілдесінде Альмира Қарасаеваның Строитель микроауданындағы 39/3 мекенжайында орналасқан бір бөлмелі пәтерді алу жайлы өтініші 6 күнде қаралды. Ол әділет басқармасының қызметкері, әрі сол уақытта ТКШ секторын басқарған Әлихан Мыңжасаровпен ерлі-зайыпты екені анықталды.
Бұл туралы «Орал апталығы» хабарлады.
Әдетте үй алу үшін азаматтар бірнеше ай бойы жүреді. Ресми мәліметтерге сәйкес, қазір Оралда тұрғын үй кезегінде 21 мыңнан астам адам тұр. Соның ішінде әлеуметтік жағдайы төмен адамдар, көпбалалы отбасылар мен балалар үйі тәрбиеленушілері де бар.
Ал Альмира Қарасаеваның өтініші 6 күнде – 2023 жылдың 19 шілдесінде қаралды. Өтінішке сол кездегі ТКШ бөлімінің жетекшісі Азамат Халелов қол қойды. Келісімді Әкімнің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев бекітті. Өтінішті орындаушы сол уақытта ТКШ секторын басқарып отырған Әлихан Мыңжасаров болған, ол Альмира Қарасаеваның заңды жұбайы еді. Ол өтінішке өзінің жұбайы жайлы ақпарат қоспапты.
Альмира Қарасаева қазіргі уақытта Әлихан Мыңжасаровпен ажырасқанын хабарлады.
Еске сала кетейік, нарықта пәтердің бағасы 13,5 миллион теңгеден жоғары бағаланады.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?