Визасыз режим Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастың жаңа тарауын ашады - Әлихан Смайылов
Премьер-министрдің айтуынша, визасыз жүру 10 қарашадан бастап күшіне енетін болды.
Шанхайға жұмыс сапары аясында Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен кездесу өткізіп, онда екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды, деп жазады primeminister.kz.
Әлихан Смайылов әріптесін қарсы ала отырып, Қазақстанның Қытаймен достық, тату көршілік және стратегиялық әріптестік байланыстарын нығайтуға ерекше мән беретінін атап өтті.
«Екі елдің жоғары басшылығы арасындағы жеке достық байланыстар біздің өзара іс-қимылымыздың барлық жағдайына оң әсер етеді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің жақында өткен келіссөздері «алтын 30 жылдықтың» келесі дәуірінде Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын жаңа мазмұнмен толықтыруға мүмкіндік берді», - деді Премьер-Министр.
Үкімет басшысы атап өткендей, Қытай Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің бірі. Мәселен, өткен жылы екіжақты тауар айналымы 35 пайызға артып, рекордтық көлемге — 24,2 миллиард долларға жетті. Биылғы жылы динамикалық өсу жалғасуда: өзара сауда тағы 21%-ға өсті.
Премьер-Министрдің айтуынша, енгізілген визасыз режим Қазақстан Республикасы мен ҚХР арасындағы іскерлік байланыстарды ынталандыруға, сауданы жеңілдетуге, өзара инвестицияларды арттыруға және туризмді дамытуға айтарлықтай ықпал етеді.
«Оның 10 қарашада күшіне енуі біздің қарым-қатынасымыздағы жаңа тарауды ашады. Бұл, әсіресе, алдағы «Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы» аясында өзекті. Бұл шара азаматтарымыздың саяхатын қолжетімді етіп, байланысымызды одан әрі нығайтады деп ойлаймын», – деді Әлихан Смайылов.
Жалпы, ол Қазақстан үкіметінің Қытаймен ынтымақтастығын үдемелі дамыту үшін бар күш-жігерін салуға дайын екенін атап өтті.
Жаңалықтар
- Куба президенті Трампқа қатаң жауап қатты
- Тапқан пайдасы мемлекетке қайтарылды: Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған түркістандық сотталды
- Жанабыловтардың адвокаты прокурорды заңды бұрмалады және БАҚ арқылы қысым көрсетті деп айыптады
- Бектенов жаңа Конституцияны жаппай таралыммен шығарып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берді
- Иран Лариджанидің өлімін растады, Израильге түнімен соққы жасалды — Таяу Шығыстағы жағдай
- Келінін құрыққа түсірген: Әзербайжанда президент отбасын бопсалаған адам ұсталды
- Заңсыз табыс — 128 млн теңге: Зергерлік бұйымдарды кепілге алып, ақша берген микроқаржы ұйымы тергеліп жатыр
- Еркебұлан Тоқтарға шүйліккен өзбек файтері сотталды
- Ресейдің жағдайы жақсармай, көзіміз ашылмайды: Шаруалар 7000 тонна пияз өнімін 30 теңгеден де өткізе алмай отыр
- Иран соғысында қол ұшын бермеген еуропалықтарға Трамптың өкпесі қара қазандай
- Атырауда бір отбасын түгелдей қырып салған күдіктіге тағы екі бап бойынша айып тағылды
- Алматыда оқушы өзіне қол салып, қылмыстық іс қозғалды
- Ақтөбе облысында жол апатынан бес адам қаза тауып, бір адам комада жатыр
- ИРНА: Иран зымырандары Израильдің орталық аймақтарына жетті
- Наурызда өтетін матчтарға қатысатын футболшылардың тізімі белгілі болды
- Бүкіл ел бойынша дауылды ескерту
- Франция президенті Эммануэль Макрон Тоқаевқа бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін айтты
- Қырғызстанда Тәшиевтің ұлы полицияға жеткізілді
- Пәкістан премьер-министрі: Референдум мемлекеттік басқару жүйесі үшін маңызды
- Парамен сотталған Хаменованың түрме жазасы бостандығын шектеуге ауыстырылды