Вейп сұйықтарын дайындаған қазақстандық сотталды

cover Фото: freepik.com

Құрамында никотині бар вейп сұйықтарын дайындап сатқан ер адам сотталды, деп хабарлайды Orda.kz. 

 Ер адам қылмыстық кодекстің 214-бабының 1-бөлігіне негізінде заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін айыпталды. Бас прокуратураның мәліметінше, сотталушы 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылады. Сонымен қатар 1 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Кінәлі тұлға құрамында никотині бар сұйықтықты өндіру бойынша цех ашып, оны сату арқылы 64,4 млн теңге пайда тапқан.

Сот шешімімен сотталушыдан заңсыз жолмен алынған табыс сомасы толығымен өндірілді.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар