Вашингтондағы USAID штаб-пәтері жабылды
Фото: tock.adobe.com
Президент Дональд Трамп әкімшілігі АҚШ-тың халықаралық көмек жөніндегі негізгі ұйымына шүйлікті, деп хабарлайды Orda.kz.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио АҚШ халықаралық даму агенттігінің басшысы қызметін қоса атқаратынын мәлімдеді. Ол USAID қызметтерінің көбі жалғасатынын, АҚШ сыртқы саясатының бөлігі болып қала беретінін айтты. Кейбір мәліметтерде агенттік мемлекеттік департаментке қосылатыны, жұмыс күші едәуір қысқаратыны, бірақ гуманитарлық көмек көрсететін ұйым болып қала беретіні айтылып жатыр.
Трамп мемлекет шығынын азайтушы қызметіне тағайындаған Илон Маск USAID жұмысын қатаң сынады. Маск АҚШ бюджетіндегі дефицитті 1 триллион долларға қысқартатынын мәлімдеп, өз әрекетін жемқорлыққа қарсы күрес деп бағалап отыр.
БҰҰ мәліметінше, халықаралық гуманитарлық көмектің 40 пайызы USAID-тың үлесінде. АҚШ Конгресі мақұлдаған ондаған миллиард доллар халықаралық көмекті басқаратын USAID-ты Маск «қылмыстық ұйым» деп атады.
USAID азаматтық сыртқы көмек пен даму саласындағы ынтымақтастықты басқаруға жауапты. Тәуелсіз агенттіктің жылдық бюджеті 42,8 миллиард доллар.
Жаңалықтар
- СІМ шиеленіс жағдайында Таяу Шығысқа саяхатты азайтуды ескертті
- Трамп Иран басшылығын толық ауыстыруды қолдайтынын айтты
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды