Valentino мен Lexus: Елдің назары министр Әлназарованың стиліне ауды
Фото: Бейнеден кадр
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өз киімінің бренді мен бағасы туралы журналист сұрағына жауап беруден бас тартты, деп хабарлайды Orda.kz.
Брифинг барысында оған қандай брендтің киімдерін ұнататыны жайлы сұрақ қойылды. Алайда модератор министрді қорғап, журналистерді «тақырыпқа сай сұрақ қоюға» шақырды. Министрдің гардеробы жұрт талқысына Ұлытау облысына жасаған іссапарынан кейін түсті. Әлеуметтік желі қолданушылары шенеуніктің шамамен мың еуро тұратын Valentino туфлиін кигенін байқаған.
«Министр ханым осымен екінші рет өзінің кім екенін танытты және кімдер үшін «қызмет» ететінін көрсетті. Бірінші рет ол Ұлытаудағы ауруханаға Lexus көлігіне мініп келді, ал екінші рет мың еуродан қымбат Valentino Garavani туфлиін киіп келді. Денсаулық сақтау министрлігі менің туфли туралы пікірлерімнен кейін аккаунтымды бұғаттап тастады. Бұл назарсыз қалмайды деп үміттенемін» деп жазады қазақстандықтар әлеуметтік желілерде.
Жаңалықтар
- ШҚО-да кәріз құдығына түскен 3 жұмысшы уланып қалды
- Ақтөбеде әдейі жалған ақшамен төлем жасап, алаяқтыққа барған әйел сотталды
- ҚМА төрағасы президентке қылмыстық табысқа қарсы күрестегі атқарылған жұмыстарды баяндады
- Ауғанстанда су тасқынынан 100-ге жуық адам қаза тапты
- Иранда барлау қызметінің басшысы Маджид Хадеми көз жұмды
- Ақмола облысында бөгет жарылды: Қазіргі жағдай қалай?
- Атырауда 2-сынып оқушысын көлік қағып өлтірді
- Астанада Танагөз Толқынқызына қатысты тексеру аяқталды
- Алматы облысында 14 және 17 жастағы жасөспірімдер үй ұрлығымен айналысқан
- АҚШ пен Иран 45 күндік бітімге келуі мүмкін
- Әлкей Марғұлан: Мұрағат пен дала арасындағы ғалым
- Қазақстанда қандай кітаптарды сақтау қылмыс саналады?
- Прокуратура Жақсылық Омарға шыққан үкімге пікір білдірді
- Дағыстанды су басты: Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілуде
- Қарағанды облысында ішінде 50 адамы бар автобус аударылды
- Ақмола облысында бөгет жарылды
- Армения Ресей газ бағасын көтерсе, ҰҚШҰ мен ЕАЭО-дан шығатынын мәлімдеді
- Түркістан облысында бірнеше күн іздестірілген суға батып кеткен қыздың денесі табылды
- Иран Ормуз бұғазы арқылы кейбір кемелердің өтуіне рұқсат берді
- АҚШ-та ирандық генерал-майор Сүлейманидің туысы ұсталды