Вакцина алғандар Меккеге қажылық сапарға аттанды

cover

18 шілде мұсылман қауымы үшін Меккеге қажылық сапар басталды.

Бұл туралы Orda.kz Ихбария телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Соңғы екі жылда қажылық сапар пандемияға байланысты шектеулі түрде жүргізіліп жатыр. Биыл Меккедегі қажылыққа жергілікті тұрғындар мен Сауд Арабиясында тұратын шетелдік азаматтар ғана қатысады.

Жалпы мұсылмандық парызын 60 мың адам орындай алады. Бұрындары мұнда әлем елдерінен 2,5 млн адам келетін.

Еске салсақ, маусымда Сауд Арабия билігі қажылыққа 18-65 жас аралығындағы арасындағы COVID-19-ға қарсы екпені толық алғандар ғана бара алатындығын айтқан.

Сондай-ақ, бұл ел тек төрт вакцинаны мойындап отыр: Pfizer-BioNTech, AstraZeneca, Johnson & Johnson және Moderna.

Айта кетсек, жоғары да аталған екпелер қазақстандықтар үшін қол жетімсіз. Әзірге тек келіссөздер жасалып жатыр. Болжам бойынша, Қазақстанға Pfizer-BioNTech қыркүйекте келсе, AstraZeneca қашан келетіні белгісіз.

Қазақстанда қажылыққа баруға ниеттілер жалған вакциналау паспортын жасатуға дейін барған. Оның 143 жағдайы анықталған.

Жалған құжат жасаумен айналысатын алаяқтар қылмыстық жауапқа тартылып, 4 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар