Ұшақ апатынан көз жұмғандар арасында бір үйдің екі баласы болған

cover Фото: Orda.kz

Ақтау маңындағы ұшақ апатынан көз жұмғандар арасында ағалы-қарындасты екі адам болғаны анықталды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бұл туралы Әзірбайжанның жергілікті БАҚ өкілдері мәлімдеді. Ақпарат Гусар ауданының атқарушы билігі арқылы расталды.

Ағалы-қарындасты екеуі Гусар ауданында тұрған. Судуроба Али — 22 жаста, ал оның қарындасы Хадиджа Алимирзаева бар жоғы 20 жаста еді. 

Айта кетейік, ұшақ бортында 67 адам болған, олардың ішінде әзірбайжандық азаматтар саны — 42. Азаматтығы белгісіз екі адамның бірінің кім екені белгілі болды. Ол әзірбайжандық әйел болып шықты. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар