Урбанистің көзқарасымен Алматыдағы ең ұсқынсыз он ғимарат
Фото: Orda.kz
Қала сәулетшісі Владислав Филатов жергілікті тұрғындардың пікіріне сүйене отырып, Алматының ең ұсқынсыз ғимараттарының рейтингін жасады. Бұл тізімге қала тұрғындарының пікірінше, қаланың келбетін бұзатын бизнес-орталықтар, тұрғын үй кешендері мен дүкендер кірді. Маман өзінің жеке рейтингі әлдеқайда ауқымды екенін, оған 100-ге жуық нысан кіретінін және ол осы тізімді үнемі толықтырып отыратынын баса айтты. Мұндай ғимараттар үшін урбанист "ұятты құрылыс нысандары"деген жаңа термин ұсынды. Толығырақ Orda.kz материалында.
- Абай 105 даңғылындағы әкімшілік ғимарат.

Филатовтың пікірінше, қаланың ең қорқынышты ғимараттарының бірі. Ол фонтаны бар бұрынғы қоғамдық кеңістіктің орнында тұр және бұрын казино болған. Бүгінгі күні оның сыртқы түрі қоршаған құрылысқа сай келмейді әрі жағымсыз әсер қалдырады.
2. «Три богатыря» ТК, Достық даңғылы, 44


Бастапқыда бұл тұрғын үй кешені қаладағы ең тартымды әрі қолы жеткен адамдар ғана тұратын мықты да берік үйлердің бірі еді, бірақ уақыт өте оның сыртқы көрінісі өзгерді. Тұрғындардың аумақты ұлғайтуға деген ниеті ғимараттың архитектуралық пішінін бұзып, құрылымды ұсқынсыз етті. Урбанист бұл жағдайды «уақыт өте келе жеткен ұсқынсыздықтың» үлгісі деп атап көрсетеді.
3. Қаланың шетіндегі батыс шағын аудандар
Шағын аудандық типтегі атына заты сай емес құрылыс, мұнда аулалар көліктерге толы, ал көшедегі аймақ толық пайдаланылмайды. Бірінші қабаттарда коммерциялық орындардың орнына пәтерлер орналасқан — инфрақұрылым өте тапшы.
4. «Алтын Бұлақ» ТК


Бұл өте көлемді құрылыс кешені халық ішінде «Титаник» деп аталып кеткен. Урбанистің айтуынша, бұл тек аса көңілден шыға бермейтін жоба. Ол эстетика мен ақылға қонымдылық дегенді мүлде ескермей жасалған.
«Пәтерлерді бірнеше блокқа біркелкі бөлудің орнына, құрылыс салушы оларды бір ғимаратқа шоғырландырып, инфрақұрылымға қосымша ауыртпалық түсіріп отыр»,
дейді Филатов.
5. Қонаев, 56 мекенжайындағы ғимарат.


Оның қасбеті архитектуралық контекстке сәйкес келмейтін көптеген қондырмалар мен сәндік элементтерге толып, айқыш-ұйқыш болып жатыр. Филатов бұл бұрынғы кәдімгі кеңсе ғимаратындағы тым көп қабаттасқан элементтер нысанның сәнін кетіріп тұрғанын айтады. Ғимараттың қасбетіндегі көлемді торға құстар ұшып келіп, айналада олардың шуынан құлақ тұнады. Бұл ғимараттың тағы бір кемшілігі.
6. Төле Би, 280 мекенжайындағы «Ара ұясы» үйі


«Ауыл» ТК — бұл кесек архитектураның мысалы, мұнда көлемді бетон түрлері қолданылған, ол сырт кезге үй құрылысын мығым әрі берік етіп көрсетеді.
«Шын мәнінде, осындай мығым үйлерден құралған үлкен кеңістік салу жоспарланған еді, бірақ ол іске аспады: құрылыс кеңестік кезеңнің құлауына тұспа-тұс келді. Сонымен қатар, ауқымды құрылыс салу үшін жеке секторды сүріп тастау керек болды. Нәтижесінде бір үй уақытында тапсырылды, ал екіншісі 2000-жылдардың басына дейін тұрды, тек содан кейін ғана тапсырылды», деп түсіндірді Филатов.
Егер «Ауыл» ТК құрылысы бойынша жоспарлар дер кезінде жүзеге асқан болса, онда ол жерде төрт қорқынышты үй емес, әлдеқайда көп үй болар еді.
7. «Нұрлы Тау» көпфункционалды орталығы

Бұл құрылысты сарапшы Қазақстандағы ең қорқынышты ғимараттардың бірі деп атайды. Урбанист үшін нысанның қасбеті емес, зілдей ауырлығы мен бір-біріне жапсарласқан үйлесімсіздігі көңілген мүлде қонбайды. Мұндай көп жұмыс орындарын бір кешенде шоғырландыру көлік мәселелерін күшейтіп, қалалық инфрақұрылымға артық салмақ түсіреді. Оның орнына кеңсе орындарын қала бойынша шашырата орналастырған жөн еді, осылайша бір ауданға адамдар мен көліктердің шамадан тыс шоғырлануын болдырмауға болатын еді.
«Үлкен бизнес орталықты салғанша, сол кеңселердің санын қала бойынша теңдей таратып орналастырған жөн. Осылайша, адамдар қаладағы бір нүктеге жиналмай, көлік қозғалысы жеңілдер еді. Бұл бизнес орталық қала үшін көптеген проблемала туғызып отыр. Көлемді құрылыс бұл жағдайда қалада жұмыс күшінің бір жерге шоғырлануына мәжбүрлеп тұр»,
деп нақтылады Владислав Филатов.
8. Абай-Алтынсарин көшесіндегі «ҰлтССО» ғимараты.


Сарапшының айтуынша, бұл — тиісінше күтім жасалмаған, ескі үлгідегі қарапайым кеңсе ғимараты.
«Нәтижесінде ол «уақыт өте келе келген ұсқынсыздыққа» тап болды: қасбетте орнатылған кондиционерлер, күннен қорғайтын құрылғылар, қосылған металды шатыр және құмға толған фонтан. Аббаттандыру туралы тіпті сөз қозғаудың қажеті жоқ»,
деп атап өтті урбанист.
9. «Сарыарқа» бизнес орталығы.
Бұл ғимаратты ашық түрде ұсқынсыз деп атауға болмайды, бірақ оның бизнес-орталық ретінде мәртебесі айқын түрде асыра бағаланған. Қазіргі заманғы талаптарға сай әрі жалға алушылар үшін шын мәнінде ыңғайлы болу үшін «Сарыарқаға» жаңарту қажет.
10. Бұрынғы «Әсем» СҮ — қазіргі «Мегатау»


«Көк базардағы „Асем“ СҮ — бұл модернизмнің бұрынғы ескерткіші, оны басқарманың сауда алаңдарын ұлғайту ниеті салдарынан жоғалтып алдық. Күрделі архитектурамен жұмыс істеуде архитектураға жат әдістер қолданылды. Сыртқы көріністі жоймай-ақ сол мақсатқа жетуге болатын еді», деп атап өтті сарапшы.
Бұған дейін архитектор-урбанист, Алматы қаласының қала құрылысын кеңес мүшесі Владислав Филатов қаладағы өмір сүруге ең қолайлы және қолайсыз шағына удандардың рейтингін жасады. Сарапшы алғашқы және екіншісі рейтингтің айырмашылығын түсіндіріп, қолайлы болуды бағалау үшін қандай критерийлер қолданылатынын айтты.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды