ҰОК депутаттардың сынына жауап берді

cover Сурет: Казправда

Тимур Құлыбаев басқаратын Ұлттық Олимпиада комитеті депутаттардың ұйым басшылығы мен топ-менеджментін өзгертуді талап еткен сынына жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz.

Ұлттық Олимиада Комитеті ұйымның үкіметтік емес, коммерциялық емес, автономды қоғамдық мекеме екенін атап өтті.

 «Мемлекеттің қоғамдық бірлестіктердің ісіне заңсыз араласуына, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің мемлекет ісіне араласуына Қазақстан Республикасының Конституциясы жол бермейді. Сондай-ақ Олимпиада хартиясында ҰОК-тың өз автономиясын сақтау және барлық қысымға, соның ішінде саяси қысымға төтеп беру міндеті белгіленген» дейді ұйым.


ҰОК атап өткендей, ұйымның қызметін қаржыландыру мемлекеттік бюджетке қатысы жоқ көздерден жүзеге асырылады екен.

 «ҰОК қоғамдық бірлестік және ол қайырымдылық әрі демеушілік қорлармен жұмыс істейді. Депутат үндеуінде айтылған цифрлардың ҰОК қызметіне еш қатысы жоқ. Бұл мемлекеттік қаражат елде спортты дамытуға, елдің спорттық резервін дайындауға бөлінеді, қаржы жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың басқаруында болады» делінген хабарламада.



Сондай-ақ, 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік тапсырманы орындау үшін комитетке бөлінген қаржы спортшыларды қамтамасыз етуге, олардың оқу-жаттығу үдерісіне, спорттық жарыстарға қатысуға жұмсалғаны айтылды. 

Бұған дейін депутат Ермұрат Бапи Тимур Құлыбаевтың Ұлттық Олимпиада комитетін басқарған кездегі жұмысын сынға алған болатын. Мәжілісмен олигарх өз достарын басшылық қызметке тағайындады деп күдіктенеді. Депутат Әлихан Смайыловқа жолдаған өтінішінде тексеру жүргізуді талап еткен.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар