Ұлын алып елге қашып келген қазақ қызын Интерпол іздеп жатыр
Коллаж: Orda.kz
Сана Оңаева және Гийом Жозеф 2019 жылы АҚШ-та танысып, 2020 жылы Сан-Франциско қаласында отау құрады. Бір жылдан кейін Максимилен есімді ұлдары дүниеге келіп, белгісіз бір себептермен ерлі-зайыпты екеуі ажырасады. Қазір қазақстандық Сана есімді қызға Интерпол іздеу салып жатыр. Ол 4 жастағы баласын алып, Қазақстанға қашып келген. Оның бұрынғы жолдасы Гийом Жозеф қазақстандық БАҚ өкілдерін жинап, баспасөз мәслихатын өткізді.
Orda.kz тілшісі жиынға қатысып, бұрынғы шетелдік «күйеу баланың» уәжін тыңдап қайтты.
Баспасөз мәслихатында спикер ретінде Гийом Жозефтің мүддесін қорғаушы адвокат Абзал Қасымжанов сөз сөйледі. Ал Гийомның өзі Америкадан онлайн қатысты. Құқық қорғаушы Гийом мен Сананың соттасуы туралы айтып берді. Гийом экраннан Максимиленді АҚШ-қа қайтару үшін оны табуға көмектесуді сұрады.

«Гийом осымен екінші баспасөз мәслихатын өткізіп отыр. Бірінші БАҚ өкілдерімен кездесуі наурыз айында болған еді. Ал бүгін ол тағы да кәмелетке толмаған баласын іздеп қазақстандықтардың көмегіне жүгініп тұр», – деді адвокат Абзал Қасымжанов.
Сана 2004 жылы Америкаға көшті. Мамандығы бойынша ол – заңгер. Гийом оның екінші күйеуі. Оның айтуынша, Сананың бірінші күйеуі де америкалық Эдуардо. Эдуардо балалы болуды қаламаған соң, Сана бірінші күйеуімен ажырасқан.
Сана мен Гийомның арасындағы дау 2023 жылдың ақпан айында басталған. Сол кезде Гийом әйелін қол жұмсады деп айыптап, сотқа арыз жазды және онымен байланыспау туралы сот бұйрығын алды. Қасымжановтың айтуынша, Сана да Гийомды өзін және баланы ұрды деп айыптаған, бірақ дәлелдей алмаған.
«Қазақстан соты Оңаеваның шын мәнінде Гийомды балаға және өзіне қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетті деп жалған айыптағанын анықтады. Оның тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы барлық дәлелдері расталмады», – деді адвокат.
Бір жылдан кейін Сана баланы алып Қазақстанға «Наурыз» мейрамын тойлауға кеткен және қайтарға билеті де болған. Алайда ол сол күйі жоқ болып кеткен. 2024 жылдың сәуір айында Гийомның адвокаты Сананы сотқа берді және сот әйелдің Қазақстанда тұруға ықтиярхатын жойып, анасы баланы қамқорлығына алу құқығынан айырылды. Сол жылдың мамыр айында АҚШ билігі оны тұтқындау туралы ордер шығарды. 2024 жылдың қараша айында Алматының жасөспірімдер бойынша соты бұл істі баланы ұрлау деп таныды. Өйткені үшеуі де Америка азаматтары. Осы арада ажырасу процесі жүріп жатты, ал 2024 жылдың тамызында екеуі ажырасты.
Гийом Қазақстан сотына «адам ұрлау» фактісі бойынша арызданған, енді Сана мен Максимиленді ҚР Ішкі істер министрлігі іздеп жатыр. Оларға Қазақстаннан шығуға тыйым салынған. Осы жылдың қыркүйек айынан бастап Интерпол Сананы іздеуге кіріскен.
«Баланы қайтаруға міндеттейтін сот актісі күшіне енгеннен бастап, ол хабарсыз кетті және телефон нөмірін үнемі ауыстырып отырады. Бала ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеу үшін полицияға жүгінуге мәжбүр болдық», – деді адвокат Абзал Қасымжанов.
Абзал Қасымжанов Сананы адвокат мәртебесінен айыру үшін жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Айта кетейік, ол АҚШ-та адвокат болып жұмыс істеген.
«Жасөспірімдер бойынша соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін әкесі баланы алып кету үшін Қазақстанға бірнеше рет келді. Бірақ Қазақстандағы және АҚШ-тағы барлық сот процестерінен жеңілген Сана Оңаева баласын бермей, жасырынып жүр. Оның өкілдері соттың шешіміне кассациялық шағым түсірді және 2025 жылдың қыркүйегінде сот әкесінің пайдасына шешім шығарды», – деді адвокат.
Гийом ұлын 19 ай бойы көрмеген және сол уақыт аралығында ол кітап жазып үлгерді. Кітапта ол өз ұлын қалай жақсы көретінін, болған жағдайға әкесінің еш кінәсі жоқ екенін жазды. Екінші кітабында автор өзінің бұрынғы әйелі туралы жазғанын айтты.
Гийом Санада эмоциялық тұрақтылықтың жоқ екенін алға тартты және ажырасқаннан кейін әйелінің өз ашуын басқару үшін сеанстарға барып жүргенін де жасырмады.

Сананың анасы Сара Ермекова мен ағасы Жан Оңаев та АҚШ азаматтары. Олар Сананың анасының сіңілісі Сәуле Ермекова тұратын мекенжай бойынша Қазақстанға келген.
«Әпкесінің Санаға баласымен бірге тұруға рұқсат бергені туралы мәлімдемесі бар. Бірақ Қазақстанда іздеу жарияланған кезде тәтесі оларды танымайтынын және бала ол жақта тұрмайтынын айтты», – деді адвокат.
Гийом мұндай жағдайдың болуына Сананың анасы кінәлі деп санайды. Оның айтуынша, анасы толыққанды ана болу үшін баламен 100% байланыста болу керек деп миына құйып отырған.
Баланың әкесі адвокаттарға 150 мың доллардан астам қаржы жұмсағанын және Сананың мүлдем сағынбайтынын айтты. Ол үшін тек баланы АҚШ-қа қайтарса жеткілікті екенін айтты. Сондай-ақ, Гийом егер Сана АҚШ-қа оралса, оны кешіруі мүмкін екенін, бірақ бұл оның қайтадан бірге болуға дайын екенін білдірметінін де айтты.
Санаға ұлымен араласуға тыйым сала ма деген сұраққа Гийом: «балаға толық қамқорлық жасай отырып, оған араласуға мүмкіндік беремін» деді.
Сана бұрынғы күйеуімен соттасқан АҚШ адвокаттарына қарыз. Егер ол Америкаға барса, баланы ұрлағаны үшін оны ұстап, түрмеге отырғызады.
Адвокаттың айтуынша, оны мекенжайын ауыстырып жүрген соң және Қазақстанда оның атына тіркелген телефон нөмірі болмаған соң таба алмай отыр. Сананың адвокаттары пікір білдіруден және жеке кездесулерден бас тартады.
Баспасөз мәлихатының ұйымдастарушылары Максимиленнің аутизм диагнозы бар екенін де жасырмады.
«Қазіргі уақытта оның қолында не бар? Оны Интерпол мен ІІМ іздеп жатыр. Оны АҚШ-та адвокат мәртебесінен айыру жұмыстары жүріп жатыр. Оның Қазақстанда тұруға ықтиярхаты жоқ, сондықтан ешқандай жұмысқа орналаса алмайды. Істеп жатқан барлық іс-әрекеті балаға ғана емес, өзіне де зиянын тигізіп жатыр», – деп сөзін түйіндеді ол.
Редакция Санамен және оның өкілімен тілдесіп көруге тырысты, бірақ хабарласу мүмкін болмады. Оқиғаны Orda.kz бақылап, ары қарай ақпарат таратып отырады.
Жаңалықтар
- Отандық әртістерге фонограммамен ән айтуға тыйым салынуы мүмкін
- Ақтөбеде келінін зорлады деген күдікпен қайын атасы қамауға алынды
- Сабақ кезінде телефон қолданған оқушылардың ата-анасы айыппұл арқалайды
- Баян Алагөзова әйелдерге де бірнеше күйеуге шығу құқығын заңдастыруды ұсынды
- Ұлын алып елге қашып келген қазақ қызын Интерпол іздеп жатыр
- АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Қазақстанға келеді
- Мас ер адам Мексика президентінің бетінен сүйіп, төсінен ұстауға тырысты
- Қарағандыда синтетикалық есірткі өндіретін ірі зертхана анықталды
- «Қайрат» Миланда «Интерге» есе жіберді
- Аршалы ауданының ауруханасында ер адам үшінші қабаттың терезесінен секіріп қайтыс болды
- Домбыра, шаңырақ және қызғалдақ Қазақстанның жалпыұлттық символына айналды
- Ақтөбеде ыстық құдыққа құлап күйіп қалған әйел қайтыс болды
- Қауіпсіздігі тексерілмеген Kaspi Alaqan-ға тыйым салынуы мүмкін
- Алматыда курьер тұрғын үй кешенінің күзетшісін ұрып кетті
- Белгілі демограф Дудьке Қазақстанның ерекшелігі туралы айтты
- Тоқаев Дональд Трамппен келіссөз жүргізу үшін Вашингтонға аттанды
- Мұхтар Шахановтың ұлы дүниеден озды
- Ондаған қазақстандық Kaspi.kz-ке алаяқтық фактісі бойынша шағымданды
- Ұлытау облысында тағы да шахта опырылды
- Алматыдағы Bek Air апатында қаза тапқан ұшқыштар кінәлі деп танылды