«Ұлттық спорт түріне басымдық беріледі»: Туризм және спорт министрлігіндегі жаңа заң
Фото: world nomad games
Мәжіліс дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Маңызды құжатта Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Параазиада ойындары бағдарламасына енгізілген спорт түрлерін реттеу алынып тасталады. Туризм және спорт министрлігі халықаралық жарыстарда жеңіп алған медальдардың қорытындысы бойынша басымдық берілетін спорт түрлерін бекітетін болады.
Сонымен қатар ұлттық спорт түрлері енді басым спорт түрлерінің қатарына енеді.
Енді жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларының республикалық немесе облыстық спорт федерациясына мүше болуы талап етіледі.
Сондай-ақ заңда спорт федерацияларында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын қабылдау міндеті қарастырылған.
Жаңалықтар
- Құтқарушылар Атырау облысында қар құрсауынан екі адамды құтқарды
- Үлескерлердің ақшасын заңсыз тартқандар мен ТК жарнамалағандарға айыппұл айтарлықтай өсті
- Қарағандыда екі әйел есірткінің ірі партиясымен ұсталды
- Қазақстан шекаралық және логистикалық қызметтердің цифрлық форматын ұсынды
- 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы AusOpen бастала салысымен тарихи нәтижеге жетті
- Рамзан Қадыров ұлының апатқа ұшырағанын жоққа шығарып, оған кезекті марапат берді
- «Ажырасып депрессияға шалдыққан»: Шымкентте әйел туған балаларын өлімші етіп сабап, денесіне үтік басқан
- Шегіне жеткен шиеленіс: ЕО Гренландияны сатуға қарсыларға Трамптың баж салығын енгізуіне бірлесіп жауап береді
- 2025 жылы Қазақстанда 8,7 мыңнан астам еңбек құқығы бұзылды
- Данияда АҚШ-қа қарсы жаппай наразылық шерулері өтіп жатыр
- Трамп Гренландия мен Арктикаға байланысты Еуропаға сауда тарифтерін енгіземін деп қоқан-лоқы жасады
- Ұлттық құрылтай 100 жылдан кейін Қызылордада өтеді
- Алматы әуежайында ауа райына байланысты рейстер кідіреді
- Алматыда түнгі клубтың аспазы есірткі саудасына қатысы бар деген күдікпен ұсталды
- Еліміздің Қарулы Күштері Бас штабының бастығы өзгерді
- Аида Балаева: жекеменшік мектептер білім сапасын төмендетті
- Алматы облысындағы күре жолдағы жол апатынан әйел адам қаза тапты
- НАТО-ның аралдағы тұрақты миссиясын барлайтын әскери топ Гренландияға келді
- Қазақстан —Қытай арақатынасы нығая түспек: Гуанчжоуда бас консулдық ашылды
- Украина мен АҚШ делегацияларының кездесуі ертең Майамиде өтеді