Ұлттық Құрылтайдың IV отырысында не айтылды – Мемлекеттік кеңесшінің қорытындысы
Фото: Ақорда
Бурабайда Ұлттық Құрылтайдың төртінші отырысы өтіп, онда қоғамды толғандырып жүрген өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин оның маңыздылығын атап өтіп, президенттің жыл сайынғы Жолдауымен салыстыруға болатын бағдарламалық сипатта өткенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Мемлекет басшысы өз сөзінде бүгінгі жағдайды жан-жақты саралап, көптеген мәселелердің жүйелі шешімдерін айтып, алдағы уақыттағы міндеттерді айқындады. Ерлан Қариннің айтуынша, Ұлттық құрылтай мүшелерінің барлық ұсыныстары президент сөзінде көрініс тапты.
Жұмыс секциялары мен жалпы отырыста қоғам белсенділері қандай мәселелер мен бастамалар көтерді?
1. Экономиканы реформалау (инновациялар мен цифрлық технологияларды енгізу; фискалдық секторды жақсарту; өңірлердегі көлік инфрақұрылымын дамыту; еңбек нарығындағы аймақтық теңгерімсіздікті теңестіру, жұмыстағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көгілдір кәсіптерді танымал ету)
2. Әлеуметтік саясат (білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру; ғылым мен денсаулық сақтауды дамыту; экологиялық мәселелер; ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолайлы жағдай жасау)
3. «Құқықтық тәртіп» қағидатын қалыптастыру (алаяқтықпен күресу; әйелдер колонияларындағы ұстау жағдайлары; жастар арасындағы қылмыстың алдын алу; құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу; құқық бұзушылардың ата-аналарының жауапкершілігі)
4. Идеологиялық жұмысты жүйелеу (ішкі саясат саласында біртұтас тұжырымдамалық құжат әзірлеу; деструктивті діни ағымдармен күресу; мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс критерийлерін қайта қарау); ысырапшылдыққа және мәдениетсіздікке қарсы тұру; «Адал азамат» бағдарламасы бойынша жас ұрпаққа жүйелі білім беру; тәрбие жұмысын жүргізу және мәдени-рухани мұраны насихаттау)
Мемлекет басшысы қандай маңызды бастамаларды айтты?
Идеологиялық және гуманитарлық жобалар:
• Ішкі саясат тұжырымдамасын әзірлеу;
• ҮЕҰ саласындағы заңнаманы жетілдіру;
• Шетелде Абай институттарын ашу;
• Биологиялық әртүрлілікті сақтаудың халықаралық қорын құру;
• Ұлттық цифрлық мұрағат құру;
• «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасын құру; Әр облыс орталығында ерекше балаларға арналған оңалту және дамыту орталықтарын құру;
• Әрбір облыс, аудан орталықтарында, қалалар мен ауылдарда балалар футбол алаңқайлары жабдықталды.
Экономикалық және инфрақұрылымдық бастамалар:
• Тәуелсіздіктің 40 жылдығына ел дамуының бес басым бағытын анықтау: цифрландыру және жасанды интеллект; көлік және транзит; энергия; агроөнеркәсіптік сектор; адами капитал.
• 2025 жылы экономиканың нақты секторын қаржыландыру екі есеге жуық артып, 8 триллион теңгеге, ал келесі жылдары 10 триллион теңгеге дейін жетеді.
• 2025-2026 жж. ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру.
• Алдағы төрт жылда шамамен 200 инвестициялық жобаны жыл сайын іске қосу.
• Шекаралас аймақтарды дамыту туралы жаңа заң әзірлеу
• Астанадан Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы Транскаспий халықаралық көлік бағытына тікелей шығатын автомобиль жолының құрылысы.
• Ядролық энергия агенттігін құру.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы14 наурызда Бурабайда Ұлттық Құрылтайдың IV отырысы өткен болатын.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде үш жыл ішінде еліміз көп өзгеріп, дамудың жаңа жолына түскенін атап өтті.
Сондай-ақ, ол біртұтас уақыт белдеуіне көшу туралы айтып, салық реформасына қатысты өз көзқарасын білдірді.
Сонымен қатар, президент Қазақстанның жаһандық ауқымда көшбасшы бола алатын салаларына, сондай-ақ маңызды инфрақұрылымдық жобаларға, соның ішінде Торғай өңіріндегі ауқымды жоба туралы айтты.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды