Ұлттық қордан 5 трлн аламыз — Тимур Сүлейменов

cover Фото: Kapital.kz

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов Ұлттық қордан алынатын қаржының өсуі туралы пікір білдірді.

Үкімет 2025 жылы Ұлттық қордан 5 трлн теңгеден астам қаржы алу жоспарын жариялады. Сүлейменов, бұл трансферттердің Ұлттық қордың активтерін 100 млрд доллар деңгейіне жеткізу мақсатын қиындататынын атап өтті. Ол үкіметтің белгіленген сомадан артық қаржы сұрамайтынын айтты.

«Мен бюджеттің өз кірістерінің, яғни республикалық бюджетке түсетін салықтардың және қосымша 5 трлн теңгенің барлық бюджеттік бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретініне үміттенемін. Өз талдауымызда 5,2 трлн теңгені соңғы цифр ретінде қарастырамыз. Фискалдық тәртіптің қатаң болуына үміттенемін және 2025 жылы тағы да трансферттер қажет болмайды», – деді ол.

Сүлейменовтің айтуынша, қазіргі бюджеттік шығындар мен кірістер көлемі үкіметті Ұлттық қордан трансферттер алуға мәжбүр етеді, себебі шығындарды қысқартуға болатын көлем өте аз.

«Бюджеттегі барлық шығындар – бұл секвестрленбеген шығындар. Олар армия, қорғаныс, ТЖМ, зейнетақылар, денсаулық сақтау және басқалары. Оларды қысқарту, әрине, өте ауыр және, бәлкім, дұрыс емес. Сонымен қатар, кірістер бойынша да бірқатар мәселелер бар. Корпоративтік табыс салығы (КТС) және ҚҚС бойынша салықтарды жинау мәселесі бар. Осы бюджеттік проблеманы шешу үшін Ұлттық қордан трансферттер қолдануға тура келеді», – деп қосты Тимур Сүлейменов.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар