Ұлтаралық араздық туғызған Алика Мұхамедиеваның ісі сотқа жіберілді
Коллаж: Orda.kz
Әлеуметтік желіде қазақ ұлты жайлы және тілі жайлы жазба жариялап, ұлтаралық алауыздық туғызды деп айыпталған Алика Мұхамедиеваның ісі сотқа берілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Іс ҚР ҚК-нің 174-бабы 1-бөлігі (Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни алауыздықты қоздыру) бойынша сотқа жіберілді. Ол бойынша екі мың АЕК-тен жеті мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Іс қылмыстық істер жөніндегі Қазыбек би аудандық сотында судья Арғын Құтышевтің қарауында. Басты сот талқылауы 14 қазанда өтеді.
Еске сала кетейік, ол осы жылдың жазында Threads әлеуметтік желісінде қазақ ұлты мен тіліне қатысты жазба жариялаған еді.

Артынша желі қолданушылары жаппай арыз жазғаннан кейін ол жылап кешірім сұрап, жазба мен видео жариялаған болатын. Кейін оны Қарағандының тергеу соты 2 айға қамады. Ал тергеу кезінде оның шетелге кетпек болғаны белгілі болды.

Еске сала кетейік, Қарағанды облысындағы 15 жастағы қыздың әкесі Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне жүгінді. Ер адам кәмелетке толмаған қызын «шариғат бойынша» 38 жастағы досына тұрмысқа берген анасы мен өгей әкесін қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды