Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермакқа тінту жүргізілді
Фото: «Украинская правда» басылымы
Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак күдікті ретінде танылып, оның үйінде тінту жүргізіліп жатыр. Тінту жұмыстарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы прокуратура мен ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюро қызметкерлері жүргізуде, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы украиналық депутат Ярослав Железняк мәлімдеді.
«Украинская правда» басылымы үкіметке қарасты үйлердегі тінтудің фотосуретін жариялады. Көп өтпей тінту шарасы ресми түрде расталды.
«Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюроның қызметкерлері Украина президенті кеңсесінің басшысының үйіне тінту әрекеттерін жүргізді. Тергеу әрекеттері санкцияланады», деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мамандандырылған прокуратура.
25 қарашада ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюроның директоры Семен Кривонос тергеу барысында Энергоатом саласындағы сыбайлас жемқорлық ісі кеңейіп, жаңа күдіктілердің шығатынына сенім білдірген еді.
10 қараша күні таңертең сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюро кәсіпкер Тимур Миндич пен Әділет министрі Герман Галущенкоға тінту жүргізетіні белгілі болды. Ал 12 қарашада Галущенко қызметінен босатылды. Ал Тимур Миндич тінту жүргізуден бірнеше сағат бұрын шетелге қашып кетеді.
Сол күні Украинаның ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюросы энергетика саласындағы қаражатты ұрлаудың ауқымды сыбайлас жемқорлық схемасын әшкерелегенін, сондай-ақ осы іс бойынша айыпталушылардың келіссөздерінің аудиожазбаларын тапқанын хабарлады.
11 қарашада сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюро күдікке ілінген адамдардың аты-жөнін жариялады.
Күдіктілер: Тимур Миндич (сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюро жариялаған аудиожазбаларда «Карлсон» деп аталады), Энергетика министрінің бұрынғы кеңесшісі Игорь Миронюк («Рокет»), «Энергоатом» қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директоры Дмитрий Басов («Тенор»), Александр Цукерман («Шекармен»), Игорь Фурсенко, Леся Устименко және Людмила Зорина.
Күдіктілер тізіміндегі бес адам ұсталды.
Айта кетейік, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында 122 млрд-тан астам бұзушылықтар анықталды.
Жаңалықтар
- Иранда барлау қызметінің басшысы Маджид Хадеми көз жұмды
- Ақмола облысында бөгет жарылды: Қазіргі жағдай қалай?
- Атырауда 2-сынып оқушысын көлік қағып өлтірді
- Астанада Танагөз Толқынқызына қатысты тексеру аяқталды
- Алматы облысында 14 және 17 жастағы жасөспірімдер үй ұрлығымен айналысқан
- АҚШ пен Иран 45 күндік бітімге келуі мүмкін
- Әлкей Марғұлан: Мұрағат пен дала арасындағы ғалым
- Қазақстанда қандай кітаптарды сақтау қылмыс саналады?
- Прокуратура Жақсылық Омарға шыққан үкімге пікір білдірді
- Дағыстанды су басты: Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілуде
- Қарағанды облысында ішінде 50 адамы бар автобус аударылды
- Ақмола облысында бөгет жарылды
- Армения Ресей газ бағасын көтерсе, ҰҚШҰ мен ЕАЭО-дан шығатынын мәлімдеді
- Түркістан облысында бірнеше күн іздестірілген суға батып кеткен қыздың денесі табылды
- Иран Ормуз бұғазы арқылы кейбір кемелердің өтуіне рұқсат берді
- АҚШ-та ирандық генерал-майор Сүлейманидің туысы ұсталды
- Алматыда жеке клиникада сүндетке отырған бала ауруханаға түсті
- Иран Кувейт, Бахрейн және БАӘ-дегі АҚШ-тың әскери нысандарына шабуыл жасады
- Қазақстан мен Қытай шекарасында бірнеше өткізу пункті жабылды
- Қазақстан жолдарында лазерлік жарықтандыру болады